Ашық сабақ 5-сынып Диаграммалар

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
71
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі
5.4С Диаграмма Мектеп
Күні Мұғалімнің аты-жөні
Сынып 5 Қатысқандар саны 15
Қатыспағандар саны
Сaбaқтың тақырыбы Диаграмма
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.4.3.1 дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы түсініктері болу
5.4.3.2 дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар салу
Сабақтың мақсаттары Дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы түсінік алу
Дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар сала білу.
Бағалау критерийлері Дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграмма туралы түсінік алады.
Кесте немесе диаграмма түрінде берілген статистикалық ақпаратты қолданып басқада диаграмма түрлерін құра алады.
Тілдік мақсаттар - элементтерімен берілген шеңбердің және дөңгелектің сызбаларын ауызша сипаттайды
- дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы өз түсініктерін сипаттай алады
- диаграммаларды салу алгоритмін түсіндіреді
- кестелер және диаграммалармен берілген деректерді оқи алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушылар өз сыныптастарымен диалогқа қатысады, сыныппен талқылауда коммуникaтивтік дағдыларын дамытады.
Пәнаралық байланыс Информатика, жаратылыстану
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақтада презентация.
Бастапқы білім Шеңбер, дөңгелек, радиус, бұрыш, градус, баған түсініктері.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
5 минут
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу.
Сабақта жағымды психологиялық ахуал орнату үшін «Гүлмен тілек» әдісі арқылы оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған саңдар бойынша топқа біріктіріледі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Өзін-өзі бағалау» арқылы оқушылар үй тапсырмаларын тексереді. Жауаптары интербелсендік тақтада көрсетіледі.
ІІІ. Мотивациялық кезені.
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Кім жылдам» ойыны. Берілген сандардың пайыздарын анықтандар, сонда біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы шығады.
60 санының 25 %
20 санының 60 %
20 санының 25 %
50 санының 40 %
300 санының 3 %
50 санының 10 %
200 санының 20 %
160 санының 25 %
25 санының 20 %
5 40 20 15 9 12
А М Г Д Р И
Диаграмма – грек тілінен аударғанда «сурет», «бейне»,
«сызба» деген ұғымды білдіреді. Мәліметтердің арақатынасын көрнекі етіп көрсету үшін қолданылады.
Диаграммалар арқылы мәліметтердің сандық айырмашылықтарын анық көруге болады. Диаграммалар түрлерін анықтау үшін ребус шешеміз.
«Ребус шешу» ойыны. Әр топқа ребус беріледі. Қай топ тез шешеді.
І-топқа

ІІ-топқа

ІІІ-топқа

Оқушылар сабақтың мақсатын анықтайды.
Бір-бірін бас бармақ әдісі арқылы бағалайды. «5 әдістен» - «50 әдіске»!!!
Слайд 1
Слайд 2
Слайд 3
Сабақтың ортасы
15 минут
IV. Жаңа материалды меңгеру.
«Өрмекші» әдісі бойынша оқушылар постерге өрмекшінің сұлбасын сала отырып, басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақтап пысықтайды. Тұжырымды ойларын постерге түсіріп, топтық жұмыс қорғайды.
1-топ сызықты диаграмма салу алгоритмін,
2- топ бағанды диаграмма салу алгоритмін, 
3-топ дөңгелек диаграмма салу алгоритмін анықтайды.
-Күнделікті өмірде диаграммалар қайда пайдаланылады?
-Диаграммалар не үшін қажет?
-Қандай да бір статистикалық деректерді көрсету үшін диаграмма түрін дұрыс таңдау керек. Мысалы, дөңгелек диаграмма бір тұтастың бөлігін көрсету үшін, сызықтық – қандай да бір көрсеткіштердің өсу динамикасын бейнелеу үшін, бағанды - жеке санаттары бойынша деректерді салыстыру үшін қолданылады.
Постер
2 минут V. «Жалғасын тап» ширату жаттығулары. Сөйлемнің басы жазылған парақшаларды оқушыларға таратады, олар ойды жалғастырып сөйлемді толықтырып айтады.
8 минут
5 минут VІ. Бекіту тапсырмалары (топтық жұмыс)
«Диаграмма түрін анықта» ойыны. Әр топ берілген диаграммалардың түрін анықтайды.

Дескриптор оқушы
дөңгелек диаграмманы анықтайды
сызықтық диаграмманы анықтайды
бағанды диаграмманы анықтайды.
«Диаграммадан ақпарат ал» ойыны. Аслан сыныптастарынан «Жазғы демалыс кезінде уақыттарыңды қалай өткізесіңдер?»- деп сұрады. Бұл сұрақтың нәтижесі дөңгелек диаграммада берілген.

Диаграммадағы мәліметтерді пайдаланып сұрақтарға жауап бер
Диаграмма бойынша әр оқушының қызығушылықтары неше градусқа сәйкес?
Барлық оқушылардың қай бөлігі балық аулауды ұнатады?
Егер сыныпта 36 оқушы болса, нешеуі велосипед тебуді, нешеуі ролик тебуді ұнатады?
Дескриптор оқушы
-берілген мәліметтерді анықтайды
-берілген мәліметтер бойынша ақпаратты анықтайды
VІІ. Оқулықпен жұмыс. Деңгейлік тапсырма (жеке жұмыс)
А-деңгейі № 903
 
Верх