Ашық сабақ 9 сынып Б.Майлин "Шұғаның белгісі"

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
80
Бөлім Адам жанының құпиясы
Мектеп» «Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Күні Мұғалім есімі Мукашева Гаухар
Сынып 9 Қатысқандар саны қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы
Б.Майлин «Шұғаның белгісі» хикаясы
Осы сабақта қол жеткізген оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 9.1.3.1. көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
Сабақтың мақсаты
Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
Бағалау критерийі Шығармадағы кейіпкерлер жүйесін анықтайды
Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер
Жортақылау тапал ат- жүрісті ат
Желпен- жаздың ыстығында киетін жеңіл бас киім
Қамысақты –Есіл алабындағы өзен
Қызойнаққа– шитарту, киіз басу аяқталған соң болатын кешті болмаса, қыздың ұзатылар алдында ауыл жастарымен қоштасу кеші
Талқылауға арналған сұрақтар
Шығарманың идеясы мен кейіпкерлердің байланысы қалай берілген?
Құндылықтарға баулу
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
Ұлттық құндылықтарға баулу
Пәнаралық байланыс
Тарих
Алдыңғы оқу
«Шұғаның белгісі» хикаятының сюжеттік, композициялық құрылысын біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған
кезеңдері Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы
10 мин
Сәлемдесу.
Топқа бөлу асық арқылы топтастыру
Оқушыларға асықтың әр түрлі әртүрлі
Ширату жаттығуы
Т. «Сұрақ-жауап» жаттығуы. Оқыған шығармасы жайлы 10 параққтың бесеуіне 5 сұрақ және қалған бесеуіне осы сұрақтарға 5 жауап жазады. Бірақ қай жауап қай сұрақтың жауабы екенін көрсетпейді. Сұрақ пен жауаптарды сәйкестендіру үшін сұрақтар мен жауаптар жазылған парақшаларды басқа топқа береді.
КіріспеОқу мақсатымен, бағалау критерийімен таныстыру


Сабақтың ортасы
25 мин
БК Шығармаға шолу жасайды
1-тапсырма
Ж.«Кітапқа шолу жасау» әдісі арқылы кестені толтыр.
Оқушылар оқып келген Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаятын кестеге түсіреді.Онда кітап (шығарма) не туралы, кімдерге арналғандығы мен кейіпкерлеріне тоқталады. Осы арқылы шығармағапайымдау, шолу жасайды.
Дескриптор
- Шығарманы кестеге түсіреді.
-Шығармаға шолу жасайды.
ҚБ ұлдар мен қыздарға арналған ұлттық бас киімдермен бағалау. Мысалы
Қыздарға тақия- жетілдіру керек, бөрік- жақсы аздаған кемшілік бар, сәукеле- өте жақсы.
Ұлдарға тақия-жетілдіру керек, бөрік- жақсы аздаған кемшілік бар, мұрақ- өте жақсы.
БК«Фила» кестесі арқылы идеяны анықтайды
Т. 2-тапсырма (9 мин)
«Фила» кестесін толық толтыр
Ф-факт, И-идея, С-сұрақ, Ә-әрекет
Оқушылар топпен отырып, шығарманы «ФИЛА» кестесіне түсіреді. Кестенің ерекшелігіне сай факт ретінде шығарманың өзін алады. Сонда шығарманың негізгі идеясы анықталады. Шығарма бойынша сұрақтар құрастырылады. Сол арқылы әрекеттер айқындалады.
Дескриптор
Шығарма бойынша мәліметтерді саралайды.
Шығарма негізінде кестені толық толтырады.
ҚБ төрт түлік арқылы бағалау
Түйе - өте жақсы
Жылқы – жақсы
Тай – орташа
Қой- жетілдіру керек
БК Шығарманың кейіпкерлер жүйесін анықтайды.
3-тапсырмаЖ. «Ромбтық жіктелім» әдісі арқылы маңыздылығына қарай кестеге түсір.
Бұл әдіс арқылы бала кейіпкерлерді маңыздылығына қарай орналастырады. Ромбтың басына шығарманың идеясына сай Шұғаны орналастырса, содан соң Әбдірахманорналасады. Осылай толық жазып шықса, кейіпкерлердің жүйесі шығады.
Дескриптор
Кейіпкерлер жүйесін шығарма идеясына сай анықтайды.
Кейіпкерлерді маңыздылығына қарай орналастырады
ҚБ ұлдар мен қыздарға арналған ұлттық бас киімдермен бағалау. Мысалы
Қыздарға тақия- жетілдіру керек, бөрік- жақсы аздаған кемшілік бар, сәукеле- өте жақсы.
Ұлдарға тақия-жетілдіру керек, бөрік- жақсы аздаған кемшілік бар, мұрақ- өте жақсы.






Мәтіннен үзінділер беремін.


Сабақтың соңы
(5 мин)
Рефлексия «Асығың алшысынан түссін!»
Рефлексия жасағанда оқушылар бүгінгі сабақта мақсатқа жету жолдарын, қай тапсырманы жоғары дәрежеде орындағанын жазады. Болмаса мен оған қандай көмек көрсететінімді және нені түсінбей қалғанын жазады.
Саралау - Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
1-тапсырма
Қолдауды қажет ететін оқушыларға жеке қолдау көрсету арқылы саралаймын
2-тапсырма
Топтық жұмыс болғандықтан оқушылар өзінің қарым-қабілеті мен қызығушылығына қарай қарым-қатынас формалары арқылы мақсатқа қол жеткізеді.
3-тапсырма «Ромбтық жіктелім» әдісі бойынша кейіпкерлер жүйесін анықтау барысында қолдауды көп қажет ететін және қолдауды орташа қажет ететін оқушыларға мәтіннен абзацтар беріп, ресурс бойынша саралаймын. Бағалау –Сіз оқушыларды материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
1-тапсырма
Ұл балалар мен қыз балаларға ұлттың бас киімдермен бағалаймын
Дескриптор
- Шығарманы кестеге түсіреді.
-Шығармаға шолу жасайды.
2-тапсырма
Төрт түлік арқылы бағалаймын
Дескриптор
Шығарма бойынша мәліметтерді саралайды.
Шығарма негізінде кестені толық толтырады.
3-тапсырма
Ұл балалар мен қыз балаларға ұлттың бас киімдермен бағалаймын
Дескриптор
Кейіпкерлер жүйесін шығарма идеясына сай анықтайды.
Кейіпкерлерді маңыздылығына қарай орналастырады Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті? қандай деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге? Қорытынды бағамдау
Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) (ықшам сабақ өткенде)
Кітапқа шолу
Фила кестесін толтыру
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)
Ромбтық жіктелім анық жүрсе керемет болар еді.
Мәтінен абзацтар берілсе дұрыс болар еді.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағымда қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
Топтық және жұптық жұмыстарды айқындау
2.
 
Верх