Ашық сабақ Қасым Аманжолов "Көктем" 4 сынып

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
80
Күні21.02.2019
Сынып 4 «Ә»
Тақырыбы Қ.Аманжолов. «Көктем»
Мақсаты Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Көктемде табиғатта, адам өмірінде болатын өзгерістер туралы білім - білік дағдыларын жетілдіру. Шығармашылық қабілетін дамыту,білімсапасын арттыру. Сөздер арқылы тіл байлығын, сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Жерін, елін, өз тілін құрметтеуге, Отанын сүюге, құстарға, ағаштарға, қамқор және еңбекқор болуға, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі Түсіндіру, сұрақ – жауап,талдау.
Сабақтың көрнекілігі Көктем мезгілдерінің суреттері, автор суреті, интерактивті тақта.
Мұғалім іс –әрекеті Оқушы іс- әрекеті
Психологиялық ахуал туғызу
Үй тапсырмасын тексеру
Бейнематериал
Оқулықпен жұмыс
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Жеке жұмыс
Бағалау
Кері байланыс
Үйге тапсырма
Көңіл күйлерін сұрау
-көңіл күйлерің қалай?
-Балалар үй тапсырмасына Т.Молдағалиевтің «Гүлдер» өлеңін жаттау және гүлдердің суретін салып келу.
Үй тапсырмасын сұрау үшін қобдишаның ішінде оқушылардың аты жазылған қағаздар салынған сол қағаздарда қай оқушының аты шықса сол оқушыдан сабақ сұраймын.
- балалар үйге гүлдердің суретін салып келу берілген болатын.
-Кім қандай гүлдің суретін салып келді?
-гүлдер қайда өседі?
Бөлме гүлдері және дала гүлдері
Қазір қыс мезгілінде далада гүлді байқаймыз ба?
Осы гүлдеріміздің шешек жарып бүршік ататын көктем мезгіліде келіп жетті. Бір аптадан соң біз жылдың қандай мезгілін қарсы аламыз?
Әрине көктем мезгілін.
Ондеше балалар бүгінгі тақырыбымыз Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңі
-Бүгінгі тақырыпқа байланысты бейне материал көрсетемін мұқият қарап аламыз.
-Бейне материалдан қандай жыл мезгілі көрсетілген?
-Көктем мезгілі екенін қайдан білдіңдер?
Сендерді бүгінгі «көктем» өлеңінің авторымен таныстыратын болсам
«Қасыммын сол баяғы бір қасыммын,
Бақытын ойламайтын құр басының.
Тымырсық түнек болсын –дұшпаныңмын,
Ақкөңіл болсаң сырласыңмын...- деп өзі туралы айтып,өзіне мінездеме берген ақын.Қазақтың көрнекті ақыны
-Балалар біз бұл ақынымыз туралы қандай мәлімет білеміз?қандай өлеңдерін білесіңдер? Қасым Аманжолов. (интерактивті тақтада т.б мәліметтер болады)
-тақырыппен жұмыс
Бейнематериалға мұқият қарап тыңдап отырамыз
Оқулықпен жұмыс
-Өлеңді көз жүгіртіп іштей оқып шығыңдар
-Енді осы өлеңді кім мәнерлеп оқып береді?
-Өлеңнің 1-ші және соңғы шумағында ақын нелерді адам кейпінде (адамға ұқсатып) суреттеген.
-Кейіптеу дегеніміз не? Есіңе түсір.
-Өлеңнің соңғы жолдарындағы «Балғын өмір ғажайып, Жас дауыспен жамырап» дегенді қалай түсінесің? 
Шығармашылық жұмыс
5 Т ережесін еске түсіру
І топ пазлы құрау
ІІ топ сатылай кешенді талдау
ІІІ топ Қ.Аманжолов өмірбаяны
Жұптық жұмыс
І топ сәйкестендіру
Өлеңде кейіптеген құс?
Кейіптеу
Көкте бұлттар ...
Өлеңде кейіптеген қандай ағаш?
ІІ топ Көктем туралы эссе
ІІІ Өлеңдегі асау өзен, айдын көл, асқар тау, жас ағаш т.б қажетті сөздерді пайдаланып көктем туралы әңгіме құрастыр.
Жеке жұмыс
І нұсқа Өзен жатыр..... (арқырап)
Айдын жатыр ... (жарқырап)
Көкте бұлттар.... (күркіреп)
Жауды жаңбыр ...(сіркіреп)
ІІ нұсқа
Көктем болды ..... (алақай, )
Қуанар барлық ....(балақай.)
Көктемде жаңбыр ... (болады,)
Бақшаға гүлдер ... (толады.)
Әр топтың көшбасшысы өзінің тобындағы белсенді қатысқан оқушыны бағалайды.
Сабақтан алғам әсерлерін?
Сабақтан не білдіңдер?
Өлеңнің қай шумағы ерекше ұнады?
«Көктем » өлеңін жаттап келу 174-175 бет Сабағымызға келгендер,Сәлем бердік бәріңе.
Ізгілікке сенгендер,
Сәлем бердік бәріңе!
Өз бақытын өзгемен
тең бөлісе білгендер.
Сәлем бердік бәріңе!
(бір біріне қарап)
Сәтті өтсін сабағымыз
Ашық болсын қабағымыз!
Оқушылар жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып береді 2-3 оқушы
Бәйшешек – өте әдемі көктемгі гүл, бәйшешекті «көктем жаршысы» деп те атайды. Бәйшешек гүлі жер бетіне ең алғаш шығатын өсімдік. 
Қызғалдақ – ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы дала жеті қыры»
 көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады.
Раушан гүлі қазақша — сұлулық символы, өйткені оның нәзік жапырақтарының талғампаздығы өткір тікенектері бар.Раушан гүлін біз көктемнің алғашы мерекесінде аналарымызға,әпкелерімізге сыйға тартамыз.
Қыс мезгілінде гүл өмір сүре алмайды. Т.б
Гүлдер көктем мезгілінде бүршік жарып шешек ата бастайды.
Көктем мезгіліндегі тіршіліктер. Қардың еруі гүлдердің бүршік жару.айналаның гүлденіп құстардың жылы жаққа келуі.
-Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады.
 
Верх