Баяндама АКТ- нәтижелі білім берудің көзі

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
88
АКТ – нәтижелі білім берудің көзі
Баяндама тақырыбының өзектілігі Қазақ тілі сабағында АКТ - ны қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.Баяндама жұмысының мақсаты Оқушының тұлғалық дамуына бағытталған АКТ - мен оқытуды оқу - тәрбие процесіне енгізу. Заман талабына сай іскер, жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу.Баяндама жұмысының міндеттері1. Сабақта оқытудың АКТ - ны тиімді қолдана білу.2. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.3. АКТ - ны оқытуда тиімділігіне көз жеткізу.4. Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеу5. Оқушылардың пәнге деген тұрақты қызығушылығын тудыру.1. 1. АКТ - ға қысқаша сипаттамаҚазіргі таңда жеткіншек ұрпақ - мектеп оқушыларына білім беруге ерекше көңіл бөлініп келетіні белгілі. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті.Кез - келген пәнді оқытуда ұстаздарға қойылатын басты талап - жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, оқушыларға сапалы білім беру.«Жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялар» ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асырудың негізі компьютер болып табылады.Оқытудың АКТ және олардың қолданудың мүмкіндіктері
 
Верх