Баяндама Білім беру саласында смарт технологияларды пайдалану тиімділігі

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
80
94615762000
Бәйтерек ауданы, Янайкин ауылы, Батурин ЖОББМ-нің
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
Үшінші (базалық) деңгей бойынша сертификатталған
Секция 5. Смарт технологиялардың көмегімен педагогикалық тәжірибені тарату мүмкіндіктері.
Білім беру саласында смарт технологияларды пайдалану тиімділігі
Елбасымыз Жолдауында «Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс»,-деген болатын. Қазіргі әлемде жай ғана сауаттылық жеткіліксіз болып қалды. Сондықтан ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, оқушылардың қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр.
ХХІ ғасыр – технология ғасыры болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Сұранысқа орай, технология даму үстінде. Соңғы жылдары «SMART технологиясы» ұғымы, яғни, ақылды оқыту пайда болды және Smart қала, Smart фон, Smart құрылғы, Smart қондырғы, Smart орта деген тіркестерді жиі естіп жүрміз. E-learning орнына SMART-learning келуі, ақпараттық қоғам орнына «smart қоғам» қалыптасуы біздің елімізде де күтілуде. Қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпіріне SMART Technologies компаниялары инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертті. Бұл компанияның жұмыс нәтижесіне тапсырыс берушілер мұғалімдер, оқушылар және де іскер адамдар. SMART өнімдерін әлемнің 175 елі кең қолдануда.
Smart жұмыс АКТ көмегімен уақытқа, кеңістікке шектелмей ыңғайлы жұмыс істеу.
Бүгінгі таңда кез келген мұғалім қайда жұмыс жасайтынына, қандай пәнді жүргізетініне қарамастан, интерактивті технологияларды пайдалану саласында құзыретті болуы қажет. Шынында да, интерактивті технологиялар ақпаратты ұсыну, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін құрал ғана емес, сондай-ақ кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін бүкіл білім беру үрдісін өзгерту құралы болып табылады.
Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру тұжырымдамасында басты басымдылық ретінде ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту, оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс»,- деп белгілеген болатын.
Осыған сәйкес, қазіргі заманғы ақпараттық қоғам біртіндеп Смарт-қоғамға (Smart Society) қадам басып келеді. ЭЕМ мүмкіндіктерінің өте жылдам дамуы мен ақпараттық технологиялардың барлық салаларда кеңінен қолданылуымен ерекшеленеді.
Smart технологиясы көптеген маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді. Атап айтсақ
Оқыту үшін аумақтық шектеудің болмауы
Оқытудың өзіндік ырғағын таңдау мүмкіндігі
Оқытудың алуан түрлі құралдары мен әдістерін қолдануы
Smart технологиясы арқылы Білім беру мекемелерінде
Оқу курсының әрбір қатысушысын бақылау
Үлгерімді қадағалау
Мектеп өмірінің мәселелрі бойынша мұғалімдердің кеңестері
Электронды оқулықтар қолдану
Планшеттер пайдалану жүзеге асады.
Smart оқыту- оқытудың жаңа түрі, уақытқа, кеңістікке шектелмей, ыңғайлы білім алу мүміндігі қарқынды дамып келе жатқан бірегей үдеріс. Бұл әлеуметтік желілер арқылы білім алу, алмасу, жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту қызметі, оқушыға бағытталған, бағдарланған, орталықтандырылған оқыту ортасы, ең соңында Smart құрылғыларды пайдалана отырып оқыту деген тұжырымдарды қамтиды.
S-specific (нақты)
M-measurable (өлшенетін)
A-achievable (қолжетімді)
R-realistic (шынайы)
T-time-limited (уақыт шектеулі)
SMART критерийлеріне талдау жасар болсақ, «Ақылды мақсаттарға» қойылатын негізгі талаптар төмендегідей
S-specific –мақсат, оны екі жақты түсінуге болмайтындай, айқын, дәл, нақты болуы керек.
M-measurable –мақсат сандық және сапалық критерийлер арқылы қол жеткендігін анықтауға болатындай өлшенетін болуы керек.
A-achievable –мақсат, сыртқы мүмкіндіктердің көмегінсіз, қолдағы бар қорлар арқылы жүзеге асыруға болатындай қолжетімді болуы керек.
R-realistic –мақсат өзгермелі жағдайда өзекті болатындай, өзгерістер қажеттіліктерге сай келетіндей шынайы болуы керек.
T-time-limited –мақсат шектеулі мерзімде қол жеткізуге болатындай уақытпен шектеулі болуы керек.
SMART жүйесі арқылы әр оқушыны өмір бойы оқуға, жаңа білім және дағдылар алуға, технологияларды меңгеруге, инновация және кәсіпкерлік рухын дамытуға бағыттайтын, тәуекел ету және өзіне жауапкершілік пен міндеттеме ала білуге уәждейтін, ынталандыру ортасын құру болып табылады.
SMART технологияларының басты жүйелері
Объективтілік заңдылық
Отандық білім жүйесінің сай келуі
Жаңа практикалық әдісті тарату
Электронды жүйемен оқыту.
Қазіргі таңда интернет желісіне еркін ену функциясы дамудың перспективалық бағыттарының бірі болып отыр. Білім саласында үлкен экранды теледидар арқылы бейнені таза айқын көріп қана қоймай, Google сервистер видеоларды көруге мүмкіндік беретін RuTube немесе YouTube, Hangouts және Google Docs сервистерін , нтернет беттерін парақтауға арналған веб-браузерлерді, әлеуметтік желі қосымшаларын, т.б пайдалануға болады. СМАРТ құрылғыларды өздігінен басқарып үйрену өте жеңіл. Біздің алдымыздағы шәкірттеріміз күнделікті қолданып жүрген смартфон, планшетті компьютерлер, нетбкутер, электронды кітаптар, смартбуктерді тез меңгеріп, сабақта өзіне қажетті мәліметтерді тез әрі ыңғайлы жолмен алуға дағдыланған. Бұл мұғалімнің сабақты түсіндіруіне, оқушының толық білім алуына көмектесетін бірден-бір көмекші құрал. Мобильдік құрылғылар, Интернет желілері өмір сүрудің қарапайым күнделікті дағдысына айналып, ақпараттық технология адам өмірінің маңызды бөлшегі не айналды. Сандық қоғам, сандық орта қалыптасты. Дамыған мемлекеттер технологияларды адам игілігіне пайдалану мүмкіндіктерін мейлінше арттырып жатыр. Интернет желілері адамның әр түрлі бағытта дамуына мол мүмкіндік береді. Адам үйде отырып-ақ, кәсіпкерлікпен де, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де, шығармашылықпен де айналыса алады. Әлеуметтік желілер арқылы адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жол ашылды. Білім беру саласында дәстүрлі оқыту электронды оқытуға, электронды оқыту Smart оқытуға ауысты. Орта білім беруде оқушылардың өздігінен дербес білім алуына басымдық берілсе, біліктілік арттыру жүйесінде қашықтықтан оқыту, корпоративті оқыту кеңінен қанат жайды. Ендігі міндет – сол алған білімнің адамға қызмет етуіне мүмкіндік беретін Smart оқыту ортасын дамыту.
Қорыта айтқанда, қазіргі заман талабына сай адамзат өмірінде адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа енуі өте маңызды рөл атқарады. Жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ал смарт оқытуға келетін болсақ, мұғалім өз білімін оқушыларға түгелдей жеткізе алады. Білім беру шекарасы кеңейіп білім алушылар саны көбейіп қана қоймай, уақыт және орынға байланысты шектеулер болмайды. Білім беруді кез-келген жерде кез келген уақытта ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Адамның жақсы білім алуын, табысты оқуын, ақыл-ойының дамуын жоғары дәрежеде ұйымдастыру-егеменді елімізді одан әрі дамытатын азаматтарды тәрбиелеуде маңызды қадам болып табылады. «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны»- деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қортындылағым келеді.
Қолданылған әдебиеттер

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы- 2050 Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»,17.01.2014 ж.
Е.Н.Сафиуллин, Н.К,Дускалиев, С.С.Шагиров Смарт оқытуға алғашқы қадам. Орал,2014
А.Құлқараев «E-leaming» электронды оқыту жүйесі және оның мүмкіндіктері. Электронды мектеп. №2 2013.
 
Верх