Баяндама Жаңа тұрпатты білім беруде субъект тәсілі арқылы тәрбие жүйесінде оқушы белсенділігін арттыру.

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
88
Тақырыбы Жаңа тұрпатты білім беруде субъект тәсілі арқылы тәрбие жүйесінде оқушы белсенділігін арттыру.
1.Бөлім
1.Жобаның авторы Калижарова Зухра Жолдыбаевна –орыс тілі мен әдебиет мұғалімі ,еңбек өтілі -25 жыл
2.Байланыс телефон 8775-184-28-59. Жеке кабинет «Инфоурок» сайтында
3.Тірек сөздер белсенділік,тұлға,іс-әрекет,қоғам,субъект-объект
4. Жобаның өзектілігі мен ерекшелігі Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін әр оқушының қабілетін танып ,біліп,дамытып,шыңдап,жол сілтеп,болашаққа жетелеу қажет. Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға,баланың өзіне тән тұлғалық сапалары,мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік қарым-қатынасты қалыптастыру-бүгінгі күннің талабы болып табылады
5. Мақсат міндеттері Оқушыларға саналы тәрбие беруде ұжымдық қарым-қатынас орната отырып,субъектілік белсенділіктерін арттыру.
Міндетттері
-ұжымдық қарым-қатынаснегізінде ортақ шешім табуға баулу
-тұлғаның дүниетанымын кеңейтіп ,рухани дамуына жағдай жасау
-дарынды тұлға ретінде «Мен» деген пікірін қалыптастыру.
6. Қатысушылар 15 жастағы 10 сынып оқушылары
7. Сипаттамасы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арнаған Мемлекеттік бағдарламасында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты қағидалары ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және шығармашылық қабілетін дамыту басты назарға алынған. Осыған орай
Бұл жұмыста жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі , оқушының қызығушылығын қанағаттандыруда,баланың өзіне тән тұлғалық сапалары,мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік қарым-қатынасты қалаптастыру мәселелері қарастырылды. Зерттеу жұмыы жүргізіліп,оқушылардың белсенділігі анықталды.
2.Бөлім
1. Күтілетін нәтижелер.
Зерттеу нәтижелері бойынша оқушылардың өмірде басшылыққа алатын құндылықтардың ішінде денсаулық алғашқы орында,яғни қатысушылар денсаулық және салауатты өмір салтының маңызын жете түсіне алатын болады. Өмірлерінің ,болашақтарының нәтижелі және белсенді іс-әрекетке толы болғанын қалайтын болады.
2.Оқушылардың интеллектуалдық ауытқуларды жеңу және жеке тұлға ретінде дамуын анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді.
3.Бөлім
1. Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың «Қазақстан – өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында» атты Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік –экономикалық жаңару мен саяси демократияландыру кезеңіне қадам басқалы тұр.
Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген тюолатын. Себебі ,қай уақытта болмасын,ұрпақ тәрбиесі барлық уақытта әр қоғамның өзекті мәселесі болып келген. Ал қоғамның деңгейінің қандай болуына қарай мектептердегі білім беру сапасы да тәрбие бағыттарының өзгеретіні педагогикалық ғылымдар тарихынан белгілі. Оған себеп,қоғам-тапсырыс беруші,ал мектеп болса-осы тапсырысты жүзеге асырушы педагогикалық жүйе.
Жас ұрпақты жан-жақты жетілген,ақыл-парасатты,ой-өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Дәстүрлі білім мен тәрбие жүйесінде субъект-объект болса,қазіргі таңда субъект-субъект болып мейлінше өзгергенін көзіміз көріп отыр. Соған байланысты мұғалімдер мен тәрбиешілер де осы осы талаптарға сай жауап бере алатын деңгейде болуымыз керек. Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мағлұматтарды қарапайым беруге негізделген жеткілікті дәрежеде айқын қалыптасқан білім беру моделінің тоқыруын айқын көрсетіп береді. Жеке тұлғаға деген талаптың күшейе түсуі қазір дүние жүзінде білім беру ме тәрбие саласында жобалы өзгерістер жасау тендециясының үдей түсуіне себеп болып отыр
-біліп беру мен тәрбиеде статистикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің көп сырлы құрылымын қалыптастыруға көшу
-оқушы тәрбиесінде оқушылардың танымдық іс-әрекеттер құралын белсенді меңгеруге бағыттау
-оқытумен қатар жүретін тәрбие процесін жеке тұлғаның мүдесі мен қажеттілігіне бейімдеп болашақта өзгермелі қазіргі замандағы қоғамға толық мүмкіндігінше өзін-өзі жүзеге асыру.
-өзгермелі жағдаяттарға тез бейімделе алатын құзыретті тұлға тәрбиелеу.
Енді бала белсенділігі дегеніміз не, осыған сәл тоқтала кетейік.
Бала белсенділігі туралы XVI-XVIII ғасырдағы негізделген алғашқы әрекеттер(Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо) және бұл ұстанымдарды А. Дистервегтің, К.Д. Ушинскийдің және XIX ғасырдың басқа да прогрессивті ұстаздардың қолдауы физиологиялық және психологиялық деңгейде адам белсенділігінің мәнін методологиялық бағалаушылық пен расталады(И.
 
Верх