Ішкі энергия

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
80
Сабақ жоспарыҰзақ мерзімді жоспар бөлімі
8.1A бөлім Жылу құбылыстарыМектеп
Күні Мұғалімнің аты-жөні
Сынып 8 Қатысқандар саны
Қатыспағандар саны Сабақ тақырыбы Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары8.3.2.1 – дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау
Сабақ мақсаттарыОқушылар білуі тиіс
Дене температурасының артуы оның ішкі энергиясының артуымен байланысты екенін түсіну
Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсіну
Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін білу.
Бағалау критерийлері1. Механикалық энергия түрлерін біледі және энергияның түрленуіне мысалдар келтіре алады.
2. Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсінеді.
3. Берілген суреттер бойынша ішкі энергияның қандай физикалық шамалардан тәуелді екенін талдайды.
4. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттайды.
Тілдік мақсаттарОқушылар берілген суреттер бойынша энергияның түрленуін түсіндіре алады. Әрбір тәжірибе нәтижесіне ауызша талдау жасайды. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін ауызша сипаттайды.
Пәнге тән лексика мен терминология
Молекулалар, тығыздық, көлем, масса, температура, термометр, дененің ұлғаюының температураға сызықты тәуелділігі, молекулалардың жылулық қозғалысы, заттың ұлғаюы.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер
Сұйық және қатты затты қыздырғанда оның көлемі ....................
Әр түрлі сұйықтықтар әртүрлі ...............
Солтүстік аймақта спиртті термометрді ғана қолданады, себебі ...
Құндылықтарды дарытуБұл сабақ академиялық адалдық,топта жұмыс жасай алу, жауапкершілік және көшбасшылық құндылықтарын дамытуға бағытталған.
Пәнаралық байланыстарХимия пәнімен байланыс, ішкі энергияны түсіндіру барысында заттардың молекулалық құрылысын және молекулалардың өзара әсерлесуін қарастыру.
Бастапқы білім
Оқушылар 7 сыныпта механикалық энергияның түрлерін және энергияның сақталу заңын қарастырған. Оқушылар механикалық энергияның түрлерін және оның түрленуін білуі тиіс. Молекулалардың жылулық қозғалысын біледі.
Сабақ барысыСабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
РесурстарСабақтың басы
0-7 минут
7-10 минут
10-11 минут 1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу.

а)Осы термометрдің шкаласының бөлік құнын және өлшеудің төменгі және жоғарғы шегін анықтаңдар
b)Дене батырылмай тұрғандағы судың температурасын абсолют қателігімен жазыңдар
с)Суға жез цилиндрді салғанда температура көрсеткіші 36 0С төмендеді.Су температурасының төмендеу себебін түсіндіріңдер.
2. Ой қозғау. Балғамен темірдің бетін бірнеше рет ұрған. Металл темір мен балғаның температурасы артты. Құбылысты қалай түсіндіресің?

3. Мақсатты болжау.
Дене температурасының артуы оның ішкі энергиясының артуымен байланысты екенін түсіну
Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсіну
Ішкі энергияны өзгертудің тәсілдерін білу. Презентация

Сабақтың ортасы
11-21 минут
21-36 минут
4. Түсіндіру. Мұғалім демонстрация көрсетеді.Стақандарға бірдей мөлшерде ыстық және суық су құйылған. Қай стақандағы судың ішкі энергиясы жоғары екендігін түсіндір
12954025400
Тиынның ішкі энергиясын өзгертудің жолдарын анықтаңдар
12954040005
Тиынды плитаның үстіне қою
Ыстық суға салуға болады
Терезенің алдына күн көзіне қою
Қызған лампаның астына қою
Краннан ағып тұрған ыстық судың астына қою
Тиынды үйкеу арқылы
Осы тәсілдерді жылу берілудің түріне қарай 2-топқа топтастыр.
Әрбір тәжірибені сипаттайды және ішкі энергиясы қандай әдіспен өзгертілгенін анықтайды. Оқушылар ішкі энергияны жұмыс істеу және жылу берілу арқылы өзгертуге болатындығын түсінулері қажет.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып, энергияның түрленуін және ішкі энергины өзгертудің тәсілдерін түсіндіреді.
5. Сабақты бекіту.
1)
Ішкі энергиясы өзгеретін дене Ішкі энергиясы Ішкі энергияның өзгерту тәсілі
Қыздырылған үтік қоршаған ортамен жылу алмасты Плитаға ыдысты қойғанда ол қызды , осы кезде ыдыстың Машина кенет тежелгенде оның дөңгелегі қызып кетті Қыста тоңғанда секіріп біз жылынуымызға болады Терезе шынысы күн сәулесі түскенде қызды 2) Суретке қарап дененің ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін атаңдар.





3) Балғамен темірді ұрғанда, балға қызады. Қатты ыстық күндері күннің астында қалып қойған балға да қызады.Балғаның ішкі энергиясын өзгертудің тәсілдерін атап, түсіндіріңдер.

4) Екі латуннан жасалған шарик бірдей биіктіктен құлайды. Бірі топыраққа, екіншісі тасқа соғылысымен біршама биіктікте шарикті ұстап алады.Шариктердің ішінде қайсысы ішкі энергиясын көп өзгертті. Себебін түсіндір.
Бағалау критерийлері
1. Механикалық энергия түрлерін біледі және энергияның түрленуіне түсіндіре алады.
2. Дененің ішкі энергиясы денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысының кинетикалық және олардың өзара әрекеттесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы екенін түсінеді.
3. Берілген суреттер бойынша ішкі энергияның өзгерту тәсілдерін тәсілдерін сипаттайды. Сабақтың соңы
36-40 минут 6. Рефлексия Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
7. Үйге тапсырма
"Ішкi энергия. Ішкi энергияны өзгерту тәсiлдерi" тақырыбын оқу Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Барлық оқушылар ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілдерін біледі
Кейбір оқушылар әрбір тәжірибені сипаттап, оны түсіндіре алады. Әр жұптың жанына барып олардың өзара талдау, пікір-таластарын бақылау.
Демонстрациялық эксперимент нәтижесі арқылы талдау дағдыларын бағалау
Алған білімдерін бағалау критерийлері арқылы тексеру. Ыстық сумен жұмыс істегенде абай болу
Шыны ыдыстар және термометрмен жұмыс істеу барысында техника кауіпсіздік ережесін сақтау.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттарыоқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1
2
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1
2
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістікқиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
 
Верх