"Көріп ал, есіңе сақта"

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
33
Дидактикалық ойын
Тақырыбы Көріп ал, есіңе сақта. МақсатыБалалардың геометриялық пішіндерді қайталау арқылы пішіндерді қапшыққа салып, сипап сезу арқылы қандай пішінді ұстап тұрғанын айта білуге үйрету. Түстерді атау.Ойынға деген қызығушылығын арттыру. Көрнекіліктер Геометриялық пішіндер, ұшбұрыш, төртбұрыш, дөнгелек, қапшық Әдіс- тәсілКөрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап. Ойын барысыБалалар шеңбер жасау арқылы бір-бірімізге деген ізгі тілегімізді өлең сөз арқылы жеткіземіз.
Кел балалар күлейік.
Күлкіменен түлейік,
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Балалар сендер қандай пішіндерді білесіңдер?- Үшбұрыш, төртбұрыш, домалақ. Дұрыс айтасыңдар. Ал мына пішінді қалай атаймыз? Үшбұрыш. Үшбұрыш неге ұқсайды?-Шатырға .Түсі қандай?-көк. Ал мына пішінді қалай атаймыз? –төртбұрыш. -Ол неге ұқсайды? –Үйдің қабырғасына. Оның түсі қандай? –Жасыл. Ал неді мынау қандай пішін?- Домалақ. Ол неге ұқсайды?-Дөнгелекке, допқа, айға, Негізгі бөлім Жарайсыңдар балалар біз бүгін осы пішіндер мен ойын ойнаймыз. «Көріп ал, есіңе сақта»деп аталады. Мен мына пішіндерді мына сиқырлы қапшыққа саламын сендер бұл пішінге мұқият қарап алыңдар. Енді әбден араластырамын. Данил сен келе ғой қапшықа қолымызды саламыз, тек қарамаймыз. Данил айта ғойшы сен қандай пішінді қолыңа ұстап тұрғаныңды, айта аласың ба?- Иә мен төртбұрышты ұстадым ал енді қапшықтан қолыңды шығарып ұстаған пішінніңді көрсетші, бала көрсетеді. Балалар Данил дұрыс тапты ма?-Иә дұрыс тапты. Данил ұстаған пішіннің түсі қандай?-Сары -Ал енді ойынды Никита жалғастырады. Никитада дәл солай қарамай қандай пішінді ұстап тұрғанын айтады. Олай 83 болса балаларға көрсетші, Никита қапшықтан ұстап тұрған пішінді көрсетеді. Балалар Никита дұрыс тапты ма? –Иә дұрыс тапты. Никита Ұтаған пішіннің түсі қандай?- Көк. Ойын осылайша барлық балалар мен жалғасады. ҚорытындыБалалар бүгін біз қандай пішіндер мен ойын ойнадық?-Үшбұрыш, төртбұрыш, дөнгелек. Пішіндердің түсі қандай? Сары, көк, қызыл, жасыл.Ойын қалай аталады? «Көріп ал, есіңе сақта» деп аталады. Ойын сендерге ұнады ма? –Ұнады.
Күтілеті нәтиже Балалар пішінді қайталап түсін атай білді Менгеруі Сипап сезу арқылы пішінді атайды.Жасай алуы Ойынға жақсы қатыса алады.
 
Верх