Мақала. "Жаңартылған білім берумазмұны- орта білімнің мазмұнын белгілейтін құндылық"

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
80
« Жаңартылған білім беру мазмұны - орта білімнің маңызын белгілейтін құндылық».
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында оқушылардың үнемі өзгерістерге бейім болуы мен жаңа білімді меңгеру қабілетін дамытуды басым бағыты ретінде айқындады. Бүгінгі күні әлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан, жаңартылған білім беру жүйесін болашақтың талабына сәйкес дамыту тиіс.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енеген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыртын тың бағдарлама болды. Оқытудың парадигмасы өзгерді.
Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.
Осыған орай, жаңартылған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізіп, оқу үдерісіне сатылай енгізіп, оқу-әдістемелік тұрғыдан қолдау көрсетіп, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының тәжірибесін таратып, жаңартылған білім беру мазмұны және жаңа оқу бағдарламалары бойынша біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламалары жасалынып, жаңартылған білім беру мазмұнын сынақтан өткізу және ендіру мәселелері бойынша мұғалімдерге арналған конференциялар мен оқыту семинарлары ұйымдастырылып, педагогтардың біліктіліктері арттырылуда.
Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы – қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға икемделуі. Педагогтарды бұл бағытта даярлау нәтижелі жүруде.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты –білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс- тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттырып, ең бастысы оқушының өзіндігінен білім алып, функционалдық сауаттылықтарын арттыру болып табылады.
Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты болмақ. Осыған орай, математика сабақтарында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отырумен қатар жаңа технологияларды меңгеріп, оны тиімді қолданып, оқушының өздігінен білім алуына қолайлы білім беру ортасын ұйымдастыра отырып, сын тұрғысынан ойлап, АКТ –ны қолданып, коммуникативті қарым-қатынас орната отырып, жеке, жұппен және топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға жұмыстар жасап келемін.
Құрамында мұғалім де, оқушы да бар осындай ізденуші топ мұғалім мен оқушының «білім алушылар қауымдастығына» айналады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың кілті осы қауымдастықтың қолында болмақ. Өз күшіңмен табылған білім, өз табандылығыңмен дәлелденген шындық өміріңде пайдалы болатындығы сөзсіз екендігін талай ғұламалар айтып та кеткен.
Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтті.
Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Бұл бағалау жүйесінің артықшылығы – баланың ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ықпалын туғызады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өткізіліп жатқан барлық курстарда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың тәсілдері, оқу мен жазу арқылы сын тұрғасынан ойлау стратегиялары, жобалау әдісі, өз пікірін жазбаша рәсімдеу әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады. Аталған бағдарлама негізінде оқушылардың бойында , функционалды сауаттылықтары артып, шығармашылықтары шыңдай түсуі сөзсіз.
Осы орайда, өзімнің физика сабақтарымда, оқушылардың ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі және оқушының өздігінен білім алуына жетелейтін тиімді әдіс –тәсілдерді қолдану менің басты мақсатым болып табылады. Сабақта жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасай жасап, оқушыларға өзінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізуіне жетелеймін, бағдар беремін. Әр оқушының өз ойына шек келтірмей жауап беруіне дағдыландырып, оқушы бойындағы танымдық қабілетінің шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына , практика кезінде өз сабақтарымда тиімді әдіс – тәсілдерді қолданамын.
Бағдарламаның тағыда бір тиімді жағы - бағалау жүйесі. Оқушылар нақты алдын ала құрастырылған критерийлер арқылы өзінің нақты бағасын алып, қалыптастырушы бағалау негізінде оқуды дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етіп, сабақ барысында жүргізілетін бағалаудың түрі.
Бағалау ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады.
Қалыптастырушы бағалау оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуге көмектеседі, қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді, оқу үдерісінде оқушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасуы, білімді меңгеру деңгейін анықтайды. Қалыптастырушы бағалау кезінде оқушыларға үздіксіз кері байланыс беріледі.Сабақта оқушы қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындаған соң, мұғалім жұмысты бағалап, тапсырманың қай тұсы өте жақсы және қай тұсын қалайша жетілдіруге болатындығын айта отырып, кері байланыс береді. Оқушы дәл осындай кері байланысты жұптасып, топтасып жұмыс жасау барысында сыныптастарынан да алуы мүмкін. Сауатты берілген кері байланыс оқушының өз-өзін ретке келтіруіне ықпал етеді.
Демек, бұл жерде мұғалімнің және өз сыныптастарының берген кері байланысы оқушыны қалыптастыруға, оқу мақсаттарына жетуге үлкен көмегін тигізеді. Жаңартылған оқу бағдарламасы, бағалау мен оқыту арасындағы қиындықтарды жойып, үйлесімді нәтижеге жетуге алып келеді.
Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, өздігінен білім алып, функционалдық сауаттылығын арттыруда, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыруға үлесімді қосудамын.
Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену
Мәңгілік Ел болашағы – өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың қолында, сондықтан да олардың бойына жаңартылған білім мазмұны мен бірге ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарды дарытып, қазақ халқының бай мұраларын бойларына сіңіре тәрбиелеу мен қатар үздіксіз, сапалы білім беру біздің міндетіміз.
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», – деген сөзі ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.
 
Верх