Ме Баяндама.Мектеп пен отбасының рухани – адамгершілік білім беру және тұлғаны тәрбиелеудегі өзара әрекеттестігі

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
88
Мектеп пен отбасының рухани – адамгершілік білім беру және тұлғаны тәрбиелеудегі өзара әрекеттестігі
Мектеп пен отбасының рухани – адамгершілікбілім беру және тұлғаны тәрбиелеудегі өзара әрекеттестігі Бүгінгі таңда тұлғаға берілетін рухани –адамгершілік білімнің мәні зор . Бала бойына адамгершілік тәрбиені сіңіруде мектеп пен отбасының арасында тығыз байланыс болуы керек . Отбасында ата-анасынан рухани тәрбие алып келген балалар мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап ұстаз тәрбиесін алады. Балаға тәрбие жан-жақты берілсе , жақсы нәтиже береді. Ұлы Мұхтар Әуезов «Бесігіңді түзе » - деп тегін айтпаған . Ел болу үшін , ұлт болу үшін , ұлы болу үшін ә дегенде бесігіңді түзе. Әуелгі тәрбиенің анасы – бесік , әрі-беріден кейін , бесік ананың құрсағынан басталады. Сәбидің бойына бесік жыры арқылы жақсы адамгершілік қасиеттер дариды, одан соң жас балдырған жеке сөздерді ұғына бастағанда - ақ оған жақсы мен жаманды ажыратып түсіндіреді. Адам өмірінің «алтын бесігі» - мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп , өмір заңдылықтарын үйренеді. Әдептілік , имандылық , мейірімділік , қайырымдылық , ізеттілік , қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл – парасатына азық ете білу үшін , әрбір ұстаз халық педагогикасын , сан ғасырда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген , рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани-адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез –құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Ата-ананың қай-қайсысы болса да балалары қабілетті, тапқыр, талантты болып өссе, олар басқа балалардан кем емес, артық болса деп армандайды. Алайда, қымбатты достар, бұл туралы емес, бала жақсы Адам болса деп армандау керек. Ол адамдарға пайдалы болып, қоғамға зардап келтірмей, пайда әкелетіндей әрекет етуі керек. Адам деген жоғары атақты бүкіл өмір сындарынан абыроймен алып өту қажет... Сара Алпысқызы, «Өмір әдебі» кітабынанБілім беру саласындағы осындай бүкіләлемдік өзгерістер аясында адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті, бар балаға қамқорлық нұрын төккен Сара Алпысқызы Назарбаева ұсынды.Сара Алпысқызының өркениетке өріс алған еліміздің дамуына деген зор сенімі, ертеңгі өскелең өрендерімізге деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығы өмірге өзін-өзі тануды алып келді.Балаға адамгершілік – рухани білім беру жолында мектеп пен отбасы арасында тығыз байланыс орнауы қажет .Слайд №3Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған ата-аналармен ұйымдастыру-педагогикалық жұмыстары ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.Отбасымен ұйымдастыру-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналарының жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімдері мен тәртібінің сынып өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т.б. ақпарат береді. Жиналыстар отбасы мен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды.Ата-аналарға отбасы тәрбиесін жақсарту мақсатында жеке дара көмек көрсетіп, ықпал жасай отырып, мұғалім педагогикалық әдептілік сақтау керек. Мұғалімдердің ата-аналарға оқушылардың мектептегі «жаман» тәртібіне шағымдануы әрқашан да теріс бағаға ие болады. Мұндай шағымданулардың еш нәтижесі болмайды, керісінше олардың тигізер зияны өте зор. А.С.Макаренко мұғалімдерді ата-аналарды мектепке шақыртудан, балалар тәртібіне шағымданудан сақтандырған «Кей ата-ана мұндай әңгімеден кейін қолына қамшы алады, ал кейбіреуі болса еш нәрсе істемейді де, нәтижесінде бұрынғы қалпында қалады»,- дейді А.С.Макаренко.Осылайша, мектеп пен отбасының арасында байланыс орнайды.Әлем тарихындағы ең қатыгез ғасырлардың бірі ХХ ғасыр адамзат ақыл-ойының ұлылығын көрсетумен бірге оның осал тұстарын да байқатты.Рухани-адамгершілік өлшемнен айырылған ақыл-ой сананың адасуына есерлікке жол ашады.Тек адамгершілік, рухани принциптер мен нақтылы қайырымдылық қана мөлшерді білмейтін рационализмді тежей алады. «Әрбір бала өзінше шағын ғарыш, әлем деседі. Ол бұл дүниеге жай ғана емес, өзінің ерекше міндетімен келеді. Адам баласы дегеніміз – жоғарғы дүниеден жер бетіне жіберілген тіршілік иесі. Барлық балалардың қайталанбас дарынды екендігіне, барлығын Құдай тағала таланттан кенде қылмағанына мейлінше сенемін. Біз әншейін бала бойындағы сол дарындылықты тауып, аша білмейміз, шынын айтқанда, ашуға ұмтылмаймыз». Сара Алпысқызы «Өмір әдебі».Дұрыс тәрбие – балаға өмір бойы азық. Оқушылардың ынтымағы жарасқан іскер ұжымын ұйымдастыруда, олардың жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Ол үшін оларды ұстамдылыққа, кемшілікке төзбеушілікке, сенімділікке, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу керек.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім жүйесінің ең маңызды міндеттерінің бірі «жеке тұлғаны ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практиканыңжетістіктері негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру» болып табылатындығы көрсегілгсн. Сол себепті әрбір оқушыныжеке тұлға ретінде жан - жақты зерттеп білу - оның даму бағытын айқындаудың басты шарты. «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс - тұрысымен жайдары мінезімен, тіпті сырт пішінімен, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада катты әсер етеді» Мәлік
 
Верх