"Ойын - бала үшін нағыз өмір"

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
33
Ойын
Ойын-балалар үшін айналадағыны танып білу тәсілі.Ойын- бала үшін нағыз өмір.Балалардың көңіл-күйі сергек,қуанышты болуға тиіс,оларды сабырлы,зейінді ойнауға керекті ойыншығын таңдап ала білуге үйрету керек. Қимыл әрекеттердің (жүрісін,жүгірісін,лақтыруын,домалатуын) жетілдіре түсетін ойындарын қолдап,дамыта берген жөн.Ойын кезінде балалардың ойыншықтарды көлеміне,түсіне(көк,қызыл) қарай салыстыра білу қабілетін жетілдіріп,ойын үстінде қолданылатын заттарды,құрылыс материалдардың кейбір түрлерін (кубиктер,кірпіштер)дұрыс айта білуге үйрету керек.Құммен,сумен,қармен ойнағанда балаларды осы материалдардың қасиетімен (құм сусиды,дымқыл құмды илеуге болады,суда балық, үйрек жүзеді,суда ойыншықтарды,кірді жуады)таныстырған абзал.Балалардың үлкен адамдармен және бір-бірімен сөйлесуіен дамыта беру керек.
Бірге ойнайтын жолдастарын жақсы көру сезімін, игі қарым-қатынас туғызып,біріне-бірі кедергі жасамай қатарлас ойнай білуін,бірлесіп ойнауға ұмтылған талабын өрбіте отырып,жолдасының қолындағы ойыншығын тартып алмай, ойыншықтарды ортақтаса пайдалана білуге үйрету керек. Ойыншықтарды қайтадан орнына қоюға,оларды еденге лақтырып тастамауға, сындырмауға, құрылыстарды бөлшектеп алуға,құрылыс материалдарын жинастырып қоюға үйрету керек.
Қимылды ойын әуелі бәрі бір бағытқа жүгіріп,бәрі бірдей қимылдап,шеңбер құрып жүру сияқты басқа да орындалу ережесі мен топтасуы аса қарапайым ойындардыпайдалану керек.Содан соң қимыл түрлерін ауыстыра отырып,орындалуын неғұрлым күрделі ойындарды,белгілі бір рөлдер орындауды бірте-бірте енгізіп отыру керек.Қимылды ойында- балалардың қимыл-қозғалысы,жылдамдығы артады. Қимылды жетілдіретін (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату)ойындарды қолдау.Балалардың кейбір кейіпкерлердің қарапайым бейнелі әрекетін (қоян сияқты секіру, балапан сияқты дән шоқу, су ішу және т.б)көрсете білуге үйрету.Балаларды сергек,көңілді күйге бөлеу,тыныш және өздігенен ойнауға үйрету.Ойын барысында балалардың сенсорлық қабілеттерін,ересектермен және бір-бірімен тілдік қарым-қатынасты дамыту.Ойында жолдасының көңілін аулау, тілектес болу сезімдерін, бірге ойнау, ойыншықтарды бірлесіп қолдана білуге үйрету. Балалар ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы танымы, түсінігі қалыптасады. Ойын барысында жан-жақты ойнауға, өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысуға, тез арада шешім қабылдауға үйренеді. Ойындарда балалардың көңілі көтеріліп, қуанышқа бөленеді, ойын сөзіне сай қимыл жасайды, епті жылдам болуға үйренеді.
Ойынның түрлері
Сюжетті-рөлдік ойындар. Балалардың айналасындағы адамдардың істеріне еліктейтін ойындарын дамытуға көмектесіп отыру керек. Қуыршақтардың, басқа да сюжетті ойыншықтардың көмегі арқылы ертегі, әңгімелерді сахнаға лайықтау арқылы балалар тұрмысынан шағын көріністерді бейнелей отырып, ойындарды дамытуға ықпал жасау керек. Бірлескен ойындарды ұйымдастырып, бірлесіп ойнау үшін балалардың өздігінен бірігуін мадақтау керек. Рөлдік ойындарда балалардың мінез- құлық мәдениетінің қарапайым түрін қалыптастыру белгілі рөлге сай әрекет жасауға талпындыру (ана, жүргізуші, дәрігер, тәрбиеші).3-4 жастағы балалармен мынандай сюжетті-рөлдік ойындар ойналады «Емхана», «Дәріхана», «Шаштараз»,«Тәрбиеші», «Жүргізуші», «Өрт сөндіруші», «Дүкен», »Отбасы», »Бала бақша» тағы басқа.
Қимылды ойындар. Бұл ойындар арқылы балалардың қимыл-қозғалысы дамиды, көңіл-күйлері көтеріледі, ойын ойнауға қызығушылықтары артады, ұйымшылдыққа, достыққа, бірлікке тәрбиеленеді. Ойындарға түрлі көрнекіліктер, ойыншықтар пайдаланылады.Қимылды ойындар «Мысық пен тышқан», «Ормандағы аю», «Қу түлкі», «Ақ қоян», «Ұшақтар», «Күн мен жаңбыр»,«Поезд», «Автомобиль мен торғайлар», «Аралар», «Кім жылдам»,»Ақ серек пен көк серек», »Кім жүйрік» тағы басқа ойындар.
Үстел-үсті ойындары. Ойында балалар қатар отырып қана қоймай, сонымен бірге басқа балалармен де бірге ойнай білу, жолдастарына мейірбан болу, басқа балаға кедергі жасамау керегін түсіну біліктері қалыптасады.Үстел-үсті ойындарында балалардың ұсақ қол моторикасы дамиды, қол мен көз қимылдарын үйлестіру әрекеті қалыптасады.Үстел-үсті ойындары «Домино»,«Бау тағу»,«Түйме қадау»,«Жемістер»,«Ертегілер елінде»(пазылдарды құрастыру), «Лото» тағы басқа ойындар.
Ұлттық ойындар. Халқымыздың өмірде дені сау, шыныққан балалар тәрбиелеу жөнінде кейінгі ұрпаққа қалдырған үлкен де бай мұрасы-ұлттық ойындар. Балалалар ұлттық ойындар үстінде өнеге алып, мінез қалыптастырады, өзіндік ерекшелік қасиетін айқындай бастайды. Бала ұлттық ойын үстінде өмірде көрген- білгенін, өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктей отырып, соны бейнелей ойнайды.Ата-баба мұрасы- өнер мен өнеге үлгілерінің лайықтыларының балалардың құлағына естірте, көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, санасына орнықтыру.3-4 жастағы балалармен мынандай ұлттық ойындар ойналады «Соқыр теке», «Тақия тастамақ», «Ханталапай», «Арқан тарту», «Асық ату», «Қыз қуу»,т.б.
 
Верх