"Сурет салу"

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
33
Сурет салу
Баланы сурет салуға ынталандыру және жағдай жасау.
Бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру.
Түс, дақтар, сызықтарды қолдана отырып, қоршаған ортадағы нақты шындық құбылыстарын бейнелеу жолдарын үйрету.
Сурет салуға арналған материалдар туралы ұғымдарын толықтыру.
Балалардың бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын арттыру, сурет салуда, мүсіндеуде түрлі заттар мен құбылыстарды бейнелеуге болатыны туралы түсініктерін бекіту. Жаңбыр тамшылайды, жапырақтар жерге түседі, қар жауып тұр, ормандағы аңдар және т.б.құбылыстарды көрсететін бояулар мен сызықтарға назар аударту. Таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнелерін тану, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын (Сәуле шай ішіп отыр) түсіну. Қол қимылдарын дамыту. Түрлі-түсті қарындаштар және бояулармен(гуашь)сурет салуға үйрету. Қарындаш пен қылқаламды үш саусақпен, қатты қысып ұстамай, түзу, тұйық сызықтарды сурет салудың қарапайым элементі ретінде қағаз бетіне жеңіл түрде түсіру. Қарындаш немесе қылқалам ұстаған қол қимылын бақылау. Қағаз бетінде сурет салу қимылдарын реттеу, бұл қимылдарды ырғақты түрде қайталау, қарындаш пен қылқаламды қысып ұстау күшін реттеу(қағаз бетінен қолды үзбеу, қарындашты қатты қысып ұстамау, қылқаламның түгіне салмақ салмай жүргізу), қылқаламның түгін бояуға сулап алу, артығын ыдыстың шетіне жағу, қылқалмды суға жуу, оны шүберекпен кептіру. Сурет салуға өз жұмысының нәтижесі ретінде қарауға баулу. Балаларды қазақтың ою- өрнектерімен безендірілген кесе, табақтарын қарап, өз пікірлерін айтуға үйрету. Ашық түсті бояуларға эмоционалды пікірлерін білдіру. Қарама- қаршы түстерді үйлестіріп, бейнелерді бере білуге үйрету («Үйдің терезесіндегі жарық», «Шыршадағы шамдар»).Дақтарды қағаз бетіне жағу. Қағаз бетіне тігінен, көлденеңнен, түзу және толқын тәрізді сызықтар сызуға үйрету. Қалыптан тыс тәсілмен сурет салуға үйретуқағазды екіге бүктеп, бір бетіне бояу жағып, екінші жартысына түсіру. Балалардың қарапайым дөңгелек пішінді заттарды бейнелей білуін бекіту.Сызықтардың мәнерлігін, бояу жағудың үйлесімдігін («Күн жарқырайды», «Гүл басын иді» және т.б.) байқауға үйрету. Қағаз бетін, қуыршаққа арналған көйлектің кескінін сызықтармен, жағыстармен әсемдеуге үйрету. Балаларды ересектермен бірге әрекет етуге қызығушылықтарын тудыру. Балалар өздеріне қажетті материалдарды, ыңғайлы орынды таба білулері тиіс. Қылқалам, фломастер, бояу сияқты түрлі құрал-жабдықтарды қолдануға жағдай жасау. Сурет салу техникалық дағдыларын жетілдіруге жəне шығармашылығы мен қиялын дамыту үшін ересектер мен балалардың бірлесіп жұмыс істеу үлгісін əзірлеу, жеке жұмысты ұжымдық копозициямен біріктіру. Дөңгелекте, жолақшада, шаршыда жəне басқа да пішіндерде ою-өрнектерді орналастыруда шығармашылық танытуға мүмкіндіктер тудыру. Бейнелеуге арналған материалдарды жəне құрал-жабдықтарды таратып қоюға, жинауға көмектесу, оларға ұқыпты қарау үшін жууға үйрету. Балалардың едəуір сəтті шыққан барлық жұмыстарын (кімнің тақырыбы қызықты, жаңадан кім не ойлап тапты, кім бояуды үйлестірді) қарап, оларды атап өту.
Өз еркімен бояудың түсін, таңдауға ынталандыру.Бояулармен, қарындашпен эксперимент жүргізуіге ниеттендіру. Бейнелеу өнері әрекетінің нәтижесіне қызығушылық танытуын мадақтау. Балалардың жұмысын қарау және талдау. Таныс заттар мен кейіпкерлерді табу. Кеңістікті бағдарлауға(«Аспанда күн жарқырап тұр», «Үйдің жанында шырша өсіп тұр және т.б. ») үйрету.
Белгілі бір ережелерді орындауға үйрету түзу отыру,тек қағаз бетіне сурет салу, қағазды жұмырламау, қарындашты тықылдатпау, бояуды ұқыпты қолдану, оған қылқаламның түгін ғана батыру, сабақ аяқталған соң материалдарды жинау.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде
-таныс заттардың, кейіпкерлердің бейнелерін тануды, не (кім) бейнеленгенін, не істеп жатқанын түсінуді
-түрлі- түсті қарындаштармен және бояулармен (гуашь) сурет салуды -қағаз бетіне тігінен, көлденеңінен, түзу және толқын тәрізді сызықтар сызуды
-қарапайым дөңгелек пішінді заттардың мәнерлігін, бояу жағудың үйлесімдігін байқауды
-сурет салудың белгілі бір ережелерін орындауды білуі тиіс.
3-4 жастағы балаларға арналған ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің тақырыптары
Қарындашпен сурет салу Ұзын жолдар. Әртүрлі түстегі қақпалар. Жіп орамы. Мерекелік от шашу. Күн терезеге күлімдейді. Алтын күн аспаны. Әр түрлі түстегі жіптер. Шөптер. Табақтағы құрт.
 
Верх