"Тыңдау әдебі" 10-сынып қазақ тілі

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
71
Сыңғырла, соңғы қоңырау!Өтетінкүні 25 мамыр 2019 жылӨтетінуақыты Сағат 09.00Өтетінорны Акт залы
Сценарий – 2 кезеңнен тұрады 1 кезең 20 -25 минут Салтанатты жиын 2 кезең 30 минут концерттік бағдарлама
Музыка орындалады.1-жүргізуші Армысыздар, құрметтіұстаздар, оқушылар, ата - аналар және қонақтар!- Міне тағы бір оқу жылы аяқталып, мектебіміздің түлектері бүгінгі салтанатты жиында балалықпен, мектеппен қоштасқалытұр.
2-жүргізуші
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан – ұстаз, баулыған құстары – бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.
Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.
Биылғы жыл түлектерін ал, қанеки,
Құрметпен қол соғып, қарсы алайық!-
1-жүргізуші
Алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған 2018-2019 оқу жылының мектеп бітіруші жас түлектері
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
1-жүргізуші 11А сынып жетекшісі - Ескалиева Жанар Сайлаубайқызы-жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,
1. Қолөнер сайыстарының жүлделі орын иегері,білімді,өнерлі-Сиражева Жанарым.
2.Мәдени шараларға белсене қатысқан,сахна серісі –Аманбаев Еркебұлан
3.Сынып басшысы, қазақ тіл мен әдебиетінен қалалық, облыстық пәндік олипиаданың бірнеше рет жеңімпазы –Саматова Данагүл.
4. Ұшқыр ойлы, шахмат ойындарының жеңімпазы- Есимов Нұрасыл
5.Сегіз қырлы,бір сырлы -Тимиржанова Тұрсынай.
6.Орыс тіл шебері,ақылды, байсалды,жауапкершілігі мол –Жұмабай Ұлмекен.
7.Сымбатты да сабырлы,ағылшын тілі пәні сайысының жүлдегері-Ықылас Салтанат.
8. Салауатты өмір салтын жақтаушы, мол адамгершілік иесі-Айдакешов Жеңіс
9. Математика пәнінің жүйрігі,ибалы да, инабатты -Ильясова Айдана.
10. Тарих пәнінен қалалық олимпиада жеңімпазы,алғыр-Жұбанова Сәуле.
11. Білім мен спортты қатар ала білген-Утюген Гүлнар.
12.Сыныптың компьютер,техника білгірі-Жәңгірхан Қуаныш.
13.Спорт ойындарының жеңімпазы, әнші әрі биші -Жарылқасын Эльвира.
14. Байсалды да,байыпты,бар жақсы минезді бойына жиған -Танауов Рамазан
15. Ақылы көркіне сай, тәлім мен тәрбиені бойында ұштастыра білген-Саламат Гүлсұлу.
16. Сынып қамқоршысы,өнерпаз,әнші-Бексеитова Дамелі.
17. Дизайнерлік сайыстардың жүлделі орын иегері -Рахмет Әсел.
18.Білімді, ұқыпты,бойында азаматтық қасиеттерді ұштастыра білген-Байарыстанов Мадияр.
19.Сабырлы, биология пәнінен қалалық пәндік олимпиада жүлдегері-Тұрғанбаева Толғанай
20. Сурет байқауларының жүлдегері,дарынды да, дара-Тұрманов Джанибек.
2-жүргізуші МУЗЫКА
Алдарыңда сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолда бүкіл!
1-ж
«Болашақ –жастардікі,«Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Тұңғыш президентіміз Н.Ә Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында өткізіліп отырған «Сыңғырла,соңғы қоңырау » салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз. (Гимн орындалады)
2- жүргізуші
Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.Ақ тілеулі ырыс қой қонақ дегенӨзімен ала келер несібені – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бегендиков Дастан Маратұлы
2. Ақтау қаласы білім беруді дамыту орталығының тәрбие жөніндегі әдіскері Құрмашова Камшат
1 - жүргізуші
Білімді шәкірттерін аялағанЖақсылығын ешкімнен аямаған,Саялы бақ, жанашыры жас ұрпақтың«Ұстаз» деген аяулы , ардақты адам. 2 - жүргізуші
Өмірде өлшенбейтін іс – балаға берген білімің, мейірімің, қамқор пейілің. Ол –болашақ.
Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрің мәңгілік. Осынау мәңгілік борышты ауырсынбай, аянбай, өзімнің адамгершілік парызым, қала берді аналық қамқорлығым деп түсінген
мектебіміздің директорының міндетін атқарушы Рахова Гүлмира Зейноллақызына сөз береміз.
1- жүргізуші
Көпшілік қауым сүйетін,
Ұйытсын елді мұратқа.
Жастарға айтып ниетін,
Сөз алсын сыйлы қонақта.
Сөз кезегі құрметті қонақтарымызға беріледі.
Хор «Ұстазым» түлектердің орындауында
2-жүргізуші
Мектеп ана дәл бүгін мақтанып ал
Ілікті өмір жолда баққа бұлар
Енді бүгін 50 жылдық аясында
50 жылдық сағыныш артта қалар.
1- жүргізуші
Кешегі ұл-қыз кешегі бала бүгін
Толқиды қайта көріп дала гүлін
Өмір сыны есейткен ұрпақ еді
Сағынышпен еске алар бала күнін.
Осынау алтын ұя мектебінен аттанғанына 50-жыл болған қонақтарымызға сөз кезегін береміз
2-ж
Қазақ елі құрметке мәңгі лайық,Тез өркендеп әлемді таң қылайық.Рухани жаңғыруды шын түсініп,Бәрімізде дәл бүгін жаңғырайық.
2- жүргізуші
Абзал жандар биік тұлға байсалды,Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.Түлектерге жарқын тілек білдіріп,Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
1-оқушы
Құрметті мектеп бітіруші ағалар мен апалар сіздерге мектептен кейінгі баспалдағыңызға ақ жол тілейміз. Жақсы мамандық иесі болып, дүниенің бір кірпіші болып қалануыңызға тілектеспіз.
2-оқушы Graduaate ,IcongratulateBring in your life
And heartily wish you
I’m the best of all
3- оқушы
Мектеп деген білім кені,жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Жаңа буын оқулығын тамадап
Құттықтауға келіп тұрмыз сіздерді
4- оқушы
На последний ваш урокПрозвенит сейчас звонок.
 
Верх