Жыл мезгілдері

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
80
Сабақтың тақырыбы Жыл мезгілдері
Сабақтың мақсаты Оқушының білім, білік дағдыларын қалыптастыру. Мезгіл туралы білімін пысықтау. Тапсырманы орындай отырып, сөздік қорын молайту. Жыл мезгілдерін ажырату, табиғатты аялай білу.
Білімділік Оқушыға жыл мезгілдері туралы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру.
Тәрбиелік Табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
 Дамытушылық Оқушыға жыл мезгілдері жайлы мағлұмат бере отырып дүниетанымын, ой-өрісін, сөздік қорларын дамыту.
Керекті жабдықтар, көрнекілігі А4 парақшалары, тақырыпқа байланысты суреттер, бояу-қарындаштар
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі
1) Амандасу.
2) Оқушының оку-құралдарын түгендеу.
3) Оқушының зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
«Суреттер сөйлейді»
-Балалар аққала жасап, шанамен сырғанау үстінде. Бұл- қыс.
-Балалар құстарға ұя жасап жатыр, ағаш отырғызуда. Бұл – көктем.
-Күн шығып тұр. Айнала жап-жасыл. Балалар суға шомылуда. Бұл-жаз.
-Жаңбыр жауып тұр. Дала сары түске боялған. Бұл-күз.

III. Жеке жұмысМақсаты Баланың ойын арқылы өз бетінше жұмыс жасауына, өзі шешім қабылдауына, ойлануына дағдыландыру.
Жуан-жіңішке сұрақтар
-Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?-Қыс мезгілінде қандай киімдер киеміз? -Көктем мезгілінде қандай мерекелерді тойлаймыз?
-Жаз мезгілінде адамдар қалай еңбек етеді?
Жұмбақтар
Ал енді жұмбақтарды шешеміз
Қар еріп,су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып,жылиды,
Бұл қай кезде болады? (көктем)
Күн де ысып,шөп пісіп,
Ел пішенін орадыБұл қай кезде болады? (жаз)
Күмістен алқа тағынып,
Бақтар күлім қағады.
Күн нұрына шағылып,
Қар жұлдыздай жатады
Бұл қай кезде болады?(қыс)
Айнала сары түсті
 Бау-бақшада жеміс пісті.
Қамба толы дәнге
 Дастарқан толы дәмге
Бұл қай кезде болады?(күз)
IV.Сергіту сәті
Дефектолог Көзімізді жұмып, көз алдымызға 1 жыл мезгілін елестетеміз, осы елестеткенімізді қағаз бетіне түсіреміз.
Ойын «Жыл мезгілдері»
Күзден кейін қыс.
Қыстан кейін_
Көктемнен кейін _
Жаздан кейін_
Үй тапсырмасын беру сүйікті жыл мезгілінің суретін салу
Күтілетін нәтиже
Нені біледі Жыл мезгілдері жайлы жалпы түсінік алады. Оларды ажыратады.
Қандай түсініктерді игерді Әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшелігі болады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері Ойларын еркін жеткізе алады, жеке жұмыс жүргізуге дағдыландыру
 
Верх