Ашық сабақ. Дулат Исабеков "Әпке", 8 - сынып

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
88
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ
Сабақ 3
Мектеп № 78 мектеп-гимназия
Күні 18.02.2019
Мұғалімнің аты Мажитова Сымбат Амангелдіқызы
Сынып 8
Қатысқандарқатыспағандар Пәні Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы Драмадағы кейіпкерлер.
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) 8.1.3.1. ТЖ.3 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу
Сабақ мақсаты Көркем шығармадағы кейіпкерлердің мінездерін талдау
Тілдік мақсат Терминдер, тұрақты сөз тіркестері, кәсіби сөздер,жаңа сөздер
Құндылықтарға баулу Құрмет,ынтымақтастық,бауырмалдық
Алдыңғы оқу Әпке туралы, туыстық қарым – қатынас туралы біледі
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі
Саралап оқыту
Барлық оқушылар орындай алады Оқушылардың көпшілігі орындай алады Кейбір оқушылар орындай алады
а) шығармадағы кейіпкерлердің іс – әрекетін біледі
ә) мәтіннен негізгі ақпаратты табады.
а) кейіпкерлерді өзара салыстыра отырып, образын ашады
ә) құрылымын сақтай отырып кейіпкерге өз көзқарасын жазады. а)шығармадағы кейіпкерлерді салыстыру арқылы іс – әрекетіне баға береді.
ә) өмірмен байланыстырып, өз пікірлерін дәлелдейді
Уақы
ты Кезеңдері Тапсырма Мақсаты
Бағалау Ресурстар
Басы
4 мин Ұйымдастыру
Топтастыру Амандасу. Аға, іні,әпке, қарындас сөздері жазылған қима қағаздарды таңдау арқылы 4 топқа бөлу. Топтастыру httpswww.google.kz
Қима қағаздар

3 мин Қызығушылықты ояту «Шежіре ағашы»
Туыстық атауларды атап шығу
Әр топ туыстық атауды қаншалықты біледі?
Стикерге жазып, ағашқа іледі
«Сұрақ - жауап»
1.Шығарма неге «Әпке» деп аталған?
2.Драмалық туынды дегеніміз не?
3.Пьесеның негізгі идеясы не?
4.Адамның бақыты дегенімізді қалай түсінеміз?
5.«Қазақша аты – Сұлухан. Аты не очень удачный ат. Сондықтан Светлана деп кеткенбіз» деген пікірге қосыласыңдар ма?
6.Егер автор болсаңдар, пьесаны қалай аяқтар едіңдер? Қазақ дәстүріндегі туыстық қағиданы танып білу Жарайсыңдар! Бауырға арналған музыка
Стикерлер

Ортасы
5 мин Мағынаны тану
Жұптық жұмыс
1-топ.
Қамажай мінездеме береді
А) Портретін жазыңыз
Ә) Мінездеме жасаңыз
Б)Қамажайғақолдау көрсетіңіз
2-топ.
Омар мінездеме береді
А) Портретін жазыңыз
Ә) Мінездеме жасаңыз
Б) Омарға хат жазыңыз
3-топ.
Нәзилаға мінездеме береді
А) Портретін жазыңыз
Ә) Мінездеме жасаңыз
Б) Нәзилаға сұрақ қойыңыз
4- топ.
Тимурға мінездеме береді
А) Портретін жазыңыз
Ә) Мінездеме жасаңыз
Б) Тимурға кеңес беріңіз
Кейіпкерлерге мінездеме береді Мұғалім оқушыларға ауызша кері байланыс береді Оқулық


10 мин Топпен жұмыс
«Кейіпкермен байланыс»
Әр топ «Әпке», «Аға», «Қарындас», «Іні» тақырыптарына постер жасайды.
1.Пьеса кейіпкерлеріне тән қасиеттерді көрсетіңдер
2.Пьеса кейіпкерлеріне мінездеме беріңдер
3.Пьеса кейіпкерлері туралы қандай ой түйдіңдер? Пеьсадағы қай кейіпкер ерекше ұнады? Себебін түсіндіріңдер
4.Қамажай бейнесі сендерге қандай ой салды?
«Бұрыш» әдісі
Сыныптың төрт бұрышына «Әпке» драмасына қатысты тұжырымдар ілінеді.
Оқушылар талқылау үшін таңдау жасап, тұжырымдар ілінген бұрышқа топтасады.
Тұжырымдарды талқылап, өз көзқарастарын қорғайды.
Тұжырымдар
Егер бақытты өмір сүргіңіз келсе, адамдар мен нәрселерге емес, мақсатқа тәуелді болыңыз. Бақыт деген - жеңіс немесе жеңіске апарар күрес. Қамажай анасының аманатын арқалаймын деп жүріп...
«Жетім көрсең, жебей жүр» деп дана бабаларымыз жетім-жесірін жылатпаған. Қамажай сол жетімдердің қамқоршысы, бірақ оларға қамқор болар Жетімдер үйі бар емес пе?
Тұл жетім қылған тағдырға дауа бар ма, ал қазіргі заманда жетімнен тастанды бала көп. Бельгия секілді кейбір елдерде жетімдер үйі жоқ деседі. Ал бізде перзентханалардан гөрі, жетімдер үйі көбірек. Көкейді шерге бөлеп, шымбайға шоқ тастайтыны  сол  - шерменде балғындардың көбі өзіміздің қаракөздер.
Қарттар үйі қара шаңыраққа айналып барады.Бүгінде қазақтың қарияларынан қадір кетіп тұр. Бейнетінің зейнетін көріп, төрде отырып ақыл айтар шақта ата-анасын қарттар үйіне апарып тастайтындар көбейді. Туған күні ұмыт болған Қамажайдың да қартайғанда паналайтын жері Қарттар үйі. Шығармада
ғы кейіпкерлер
дің іс-әреке-
тін анықтау Бағалау критерийі
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашады
Дескриптор
-Кейіпкерге тән қасиеттерді көрсетеді
-Кейіпкердің салыстырмалы түрдегі бес іс-әрекетін жазады
- Ерекше ұнаған кейіпкерді анықтайды.
Мұғалім оқушыларға ауызша кері байланыс береді Маркер,
А 4,А 3
Постер

Соңы
6 мин
Қорытынды
Жеке жұмыс
Мені қинағаны ______________
Мені түңілдіргені____________
Мені жұбатқаны_____________
Мені өкіндіргені_____________
Мені үрейлендіргені_________
Мені сүйсіндіргені___________
Мені қуантқаны______________
Мені қайраттандырғаны_______
Менің тілегім________________
Мені қызықтырғаны___________
Мен үшін ұлттық мүдде________
Менің түйгенім_______________
Шығармадан алған әсерлерін айту
Бағалау критерийі
Шығармадан алған әсерлерін айтады
Дескриптор
-ойын жүйелі жеткізеді
-шығармадан мысалдар келтіреді
Қалам, дәптер

2 мин Үй тапсырмасы
Әр топ шығарма желісіне қарай инсценировка дайындап келу
Күнделік,алам
3 мин Кері байланыс

Мұғалім,
оқушы арасындағы жазбаша кері байланыс
Мұғалімнің қорытынды сөзі
Стикер
 
Верх