Бөкей мен Жәңгір хандар тұсындағы Бөкей Ордасының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуы

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
96
Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ
2013-2014 оқу жылдары
Ашық сабақ
Тақырыбы Бөкей мен Жәңгір хандар тұсындағы Бөкей Ордасының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуы
Сыныбы8
МұғаліміАйбекова М.Ю.
Тақырыбы Бөкей мен Жәңгір хандар тұсындағы Бөкей Ордасының экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуы
Сабақтың мақсаты
1. білімділік. Бөкей ордасының құрылуы, Бөкей мен Жәңгірдің кезіндегі халықтың жағдайы, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени дамуы,
Жәңгір ханның өз заманында білімді - білікті тұлға екендігіне сипаттама беріп, талдау жасап зерттеу.
2. тәрбиелік. Жәңгір ханның бойындағы жақсы қасиеттерін, халыққа жасаған игі істерін бағалап, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, адамгершілік тәрбие беру.
3. дамытушылық. Тақырыпқа байланысты әдеби - мұралармен жұмыс істеп мәнін ашу, оқушылардың ізденімпаздығын және пәнге қызығушылығын қалыптастыру.
Сабақтың түрі дәстүрлі сабақ
Көрнекілігі карта, слайд
Пәнаралық байланысгеография, экономика
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру
(сәлемдесу,түгендеу)
II.Үй тапсырмасын сұрау
Ой шақыру1.Қазақтардың Жайықтың оң жақ бетіне өтуінің негізгі себептері
2.Бөкей хандығының құрылуы
3.Картадан Бөкей хандығының территориясын көрсету.
III.Жаңа сабақ
Бөкей Ордасының экономикалық,әлеуметтік,саяси дамуы
Бөкей хандығында, Кіші жүздің басқа бөлігіндегіге қарағанда оның бір айырмашылығы — оңда сауда-саттық қызу қарқынмен дамыды. 1832 жылы Жәңгір хан Бөкей хандығының өз жәрмеңкесін ұйымдастырды. Ол жылына үш рет ашылып тұрды, ханның қол астындағы халық өздерінің малын тиімді айырбастауды және сатуды үйренді. Сауда-саттықтың дамуына бұл аймақтың географиялық жағдайы да оңтайлы ықпал етті. Жәңгір хан сауда жасау ісіне қолдау көрсетіп, көтермелеп отыру саясатын жүргізді. Атап айтқанда, жәрмеңкеге саудагерлерді тарту үшін оған төленетін баж салығын ең төмен мөлшерде белгіледі. Сату және сатып алу ісінде жазбаша келісімшарттар жасасу, тілхаттар беру тәртібін енгізді. Ханның қол астындағы адамдардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, орыс көпестеріне оның өзі кепілдік беретіндігін мәлімдеді. Сөйтіп Ішкі Орда қысқа мерзім ішінде Ресейдің еуропалық бөлігіне мал және мал өнімдерін бере алатын ірі орталыққа айналды.Зекет және соғым ретіндегі бұрыннан бар төлемдер енді «мал басына салынатын салық» деп аталатын бір-тұтас ортақ салықпен ауыстырылды. Әркімнің меншігіндегі мал басы үш жылда бір рет есепке алынып отырды. Зекет және соғым ретіндегі бұрыннан бар төлемдер енді «мал басына салынатын салық» деп аталатын бір-тұтас ортақ салықпен ауыстырылды. Әркімнің меншігіндегі мал басы үш жылда бір рет есепке алынып отырды.
Жәңгір ханның толық ішкі автономиясы және өз алдына дербестігі сақталды. Оның қолына бүкіл әкімшілік және сот билігі шоғырландырылған еді. Жәңгірдің тұсында әр руды оларды басқаратын старшындары арқылы жекелеген сұлтандар билеп-төстеді. Рубасылары мен старшындарды ханның өзі тағайындады. Старшындарға еңбекақы халықтан жиналатын салықтың есебінен төленетін. Барлық азаматтық және қылмыстық істер қаралатын сот ісіне ханның өзі тікелей қатысып отырды. Соттың қабылдаған шешімі мен шығарған үкімі жөнінде шағым жасауға рұқсат етілмеді. Ішкі Ордада жер учаскесін жеке меншікке беру кеңінен орын алды. Бірақ Кіші жүздің далалық бөлігінде мұндай тәртіп атымен жоқ еді. Ханға, оның туған-туыстарына, сұлтандарға, билерге, қожаларға және старшындарға ең шұрайлы жақсы жер телімдері олардың қалағанынша мол мөлшерде берілді. Мәселен, Жәңгір ханның өзінің жеке меншігінде 400 мың десятинаға жуық жері болды. Бөкей хандығы қазақтарының арасында жерді жалға беру кеңінен орын алды. Жердің жетіспеушілігінен қазақтар жылжи-жылжи көршілес Астрахан губерниясының аумағына дейін шығып кетті, Каспийдің жағасына дейін барып жетті. Қазақтар Каспийдің жағасындағы бос жатқан жер телімдерін жалға ала бастады.Жердің сатылуы мен сатып алынуы, жерді қауымдасып пайдалану жүйесінің бұзылуы қазақтардың жаппай отырықшы өмір салтына көшу үрдісін күшейтті.
Жәңгір ханның мәдени-ағарту саласындағы қызметі
Хан өзінің қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениеті мен білімін енгізу саласында қыруар көп жұмыстар атқарды. 1835 жылы Жәңгір ханның тікелей нұсқауы бойынша мұсылман мешіті ашылды. Хан қазақ ауылдарындағы молдалардың санын арттырды. Олар хатшылық және рухани ұстаз міндеттерін қоса атқарды. Хан Аллаға қалай кұлшылық етудің үлгісін өзі бас болып үйретті.
1841 жылы Жәңгірдің өз бастамасы бойынша алғашқы зайырлы мектеп ашылды. Жәңгір хан ондағы шәкірттердің тізімі мен сабақ үлгеру бағаларын жылына үш рет өзі қарап, тексеріп отырған. Ол мектептің бүкіл шығынын өз қаржысының есебінен өтеген. Жәңгір хан қазақ балаларының Ресейдің оқу орындарында оқуын жақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар балаларды Санкт-Петербургта, Мәскеуде, Астраханда, Саратовта, Қазанда және Орынборда оқытуға жеке өзі көп күш-жігер жұмсаған. Мәселен, өзінің қол астындағы халықтың балаларын оқыту үшін Орынбордағы Неплюев кадет корпусынан 10 орын берілуіне қол жеткізген. Жәңгір хан барлық жерде іс қағаздарын жургізу тәртібін енгізді, жеке өзінің мурағат қызметін құрды. Денсаулық сақтау саласында хан жұқпалы ауруларға қарсы егу практикасын енгізді. Оның күш-жігер жұмсауы арқасында Ішкі Ордада аурухана және дәріхана ашылды.
 
Ол далалық жағдайда бірінші болып Ішкі Орданың топонимикалық және географиялық картасын жасатты. Жәңгір хан аң аулауды өте жақсы көрді. Ол қару-жарақ палатасын ашу жөнінде де бастама көтерді.
Хан ордасы жанындағы мектептің оқушыларынан өзі емтихан қабылдап та жүрді. Бөкей хандығының билеушісі көшпелі қазақтардың отырықшылық өмір салтына көшуін қолдап, көтермелеп отырды, шөп шабуды үйретті. Ол мал тұқымын асылдандыру ісіне де белсене араласты. Жәңгір ағаш отырғызу ісіне көп көңіл бөлді. Оның тікелей нұсқауы бойынша 50 мың гектар жерге ағаш отырғызылып, көгалдандырылды. Ағашты кескен, сындырып бүлдірген айыпты адамға 25 рет дүре соғылған. Сөйтіп бір кездегі құм басқан шөл дала гүлденген алқапқа айналды.
1.Хронологиялық кесте
Жылдар Оқиғалар
1812 жылы 1815 жылы 1824 жылы 1827 жылы 1832 жылы 1841 жылы 1845 жылы Жылдар Оқиғалар
1812 жылы Бөкей хандығы құрылды
1815 жылы Бөкей хан қайтыс болды
1824 жылы Жәңгір хан Орал қаласында хан болып жарияланды1827 жылы Хандықтың орталығы – Хан ордасының негізін қалады
1832 жылы Бөкей хандығында жәрмеңке ұйымдастырды1841 жылы Алғашқы зайырлы мектеп ашылды
1845 жылы Жәңігір хан қайтыс болды
2. Осы тақырыптың 6-тармағын қалай деп атауға болады? Осы тақырыптың 6-тармағын қалай деп атауға болады?
3. Тарихи сынақ хат
1801 жылы …………………аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда ………………….құрылды.
Жәңгір 1824 жылы ………….қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды.
Ағашты кескен, сындырып бүлдірген айыпты адамға …………………..дүре соғылған.
Жауабы
1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды.
Жәңгір 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды.
Ағашты кескен, сындырып бүлдірген айыпты адамға 25 рет дүре соғылған.
4. Жәңгірдің арманы(
 
Верх