"Электрондық почта" ашық сабақ, 9 сынып

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
96
Байжанова Айжамал Боранбаевна –информатика пәнінің мұғалімі, Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ, Шағатай ауылы, Теректі ауданы, БҚО.Сабақтың тақырыбы Электрондық пошта. Электрондық пошта арқылы хабарларды қабылдау және беру.Сабақтың мақсатыБілімділік Оқушыларды «Электродық пошта» ұғымымен, негізгі қызметімен, адресімен, жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.Дамытушылық Оқушылардың электрондық пошта арқылы хабарламаларды қабылдау және жіберу қабілеттерін дамыта, өзіндік іс әрекеттерін, шығармашылығын, пәнге деген қызуғышылықтарын арттыру. Тәрбиеліклік  Оқушыларды жан – жақты болуға, өз бетімен жұ- мыс жасауға, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі Жаңа білімді меңгерту.Сабақтың түрі дәстүрлі емесӘдістері түсіндіру, ой қозғау, мағынаны ашу, өз бетімен жұмыс,шығармашылық жұмыс.Сабақтың көрнекілігі ДК, электронды оқулық. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру.Кабинет жабдығын, сынып оқушыларын түгендеу.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.1.«Ой шақыру» стратегиясы.Сөзжұмбақ шешу. Сұрақтары 
Суретте желіге қосылудың қандай топологиясы бейнеленген?(Шина)
Суретте желіге қосылудың қандай топологиясы бейнеленген?(Сақина)
Сервердегі ресурстарды пайдаланатын компьютер қалай аталады? (Клиент)
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер қалай аталады?(Сервер)
Интернет арқылы қатынасуға мүмкіндік жасайтын ұйымдар қалай аталады? (провайдерлер)
Бүкіләлемдік желіде әр сервердің өзіндік ерекше аты бар, ол қандай атау? (домендік)
Интернетке қосылуға арналған құрылғы?(Модем)
Ұйымға немесе ұйымдар тобына енетін желі қалай аталада? (корпоративтік)
2.«Миға шабуыл» стратегиясы.
Сұрақтар
Интернет дегеніміз не?
Браузер не үшін керек?
Интернет қашан және қалай пайда болды?
Интернетте қандай хаттама қолданылады?
Гиперсілтеме дегеніміз не?
Желілердің қандай түрлері бар?
Домендік атау не үшін керек?
Internet Explorer браузерін іске қосу үшін қандай әрекеттерді орындаймыз?
Интернетте ақпаратты қалай іздейміз?
III. Жаңа сабақты хабарлау, түсіндіру.
«Мағынаны тану» стратегиясы
Интернеттің ең маңызды сервистерінің бірі – электрондық пошта. Компьютердегі желі арқылы бүкіл дүниеге ақпараттарды таратуға болады. Ақпарат хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. Хабар алмасудың мүндай жүйесі электрондық пошта ( e – mail ) деп аталады.
Электрондық пошта деп – компьютер желісінде электронды хат алмасу жүйесі. Электрондық пошта көп жғанынан кәдімгі поштаға ұқсайды.
Интернетке қосылу кезінде тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошта адресі тағайындайды. Интернетке қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер – компьютерде электрондық « пошта жәшігі » құрылады. Адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылуға дейін сақталады. Электрондық пошта хабарламасы адресатқа жетуі үшін адресті ( e – mail ) дұрыс көрсетуі керек.
Электрондық пошта құру үшін
Электрондық пошта хаттамалары
SMTP (Simple Mail Transfer Protocol) —электрондық поштаның арнайы (E-mail) хаттамасы. Электрондық пошта SMTP, POP3 сияқты екі хаттама арқылы жұмыс атқарады. Алғашқысы мәлімет ішінде гиперсілтеме қолдануға мүмкіндік береді, хаттарды жақын жердегі серверге жөнелтеді, ал POP3 – алушы маңындағы серверге келіп түскен мәліметті керекті компьютерге жіберуді қамтамасыз етеді.
Электрондық пошта адресінің жалпы түрі Username@hostname бойынша беріледі. Мұндағы, Username - пайдаланушының аты, @ (ат)- электрондық адрес белгісі, hostname – поштаны абонентке жеткізіп беруші пошталық сервердің адресі.
mir@mail.ru
Абонент идентификаторы (mir) - бұл тұтынушы аты, анығырақ айтсақ, осы компьютердегі тұтынушы пошта жәшігінің аты.
Пошта координаттары (mail.ru) - тұтынушы компьютерінің және пошта жәшігінің орналасқан жерін көрсетеді.
Хаттарды әзірлеп, жөнелту үшін арнайы бағдарламалар қолданылады. Солардың ішінде кең таралған - Outlook Express. Оны іске қосу үшін мына әрекеттерді орындаймыз
Жіберу
 
Верх