Математика әлемі

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
96
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
- математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну
- әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру
- дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту
- есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру
- математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.
Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен)  сипатталады
-   білу (еске түсіру)
-    қолдану (байланыстарды орнату)
-   ойлау (пайымдау).
Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар «Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде
- қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдалану.
- ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу
- шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу».
Математикалық құзыреттіліктің деңгейлері (танымдық салалар)
Білу (еске түсіру)
Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу.
Қолдану (байланыстарды орнату)
Нәтижелі шешу тәсілін таңдау математикалық ақпаратты талдау және көрсету модельдеу тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау стандартты есептерді шешу.
Ойлау (пайымдау, тұжырымдау)
Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау қорытындылау, әртүрлі шешу жолдарын синтездеу дұрысбұрыс айтылғандарды дәлелдеу стандартты емес есептерді шешу.
Оқушылардың  математикалық сауаттылығын  арттыруда PISA есептерін қолданудың тиімділігі
PISA  зерттеуіндегі математикалық  тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешімдері үшін математикалық талдауды талап ететін, мектептің өмірі, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсіби қызметі, спорт және тағы басқалар туралы мәлімет ұсынады.
Түсінік хат
Математиканы тереңдете оқыту оқушының тұлға ретінде қалыптасуына, оның ақыл ойының дамуына, қоршаған болмысты танып, білуіне көмектеседі.
Бұл математика әлемінде оқушылардың математикалық білім, біліктерін қалыптастырып, ой - өрісін кеңейтуді шығармашылығын қиялдау қабілетін дамытуды және ұлттық болмысты дүние жүзілік мәдени мұралармен үндестіру арқылы баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді. Математика-мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды,шамаларды,есептерді,алгебра геометрия элементтерін біріктірген,олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.
Мақсаттары
Оқушыларға математикалық білім, білік дағдыларын игерту.
Математика әлемінде үйірмесінің мазмұны танымдық іс - әрекет пен өздігінен білім алуға бейімдеу.
Ұлттық болмысты дүниежүзілік мәдени мұралар мен үндестіру арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру.
Математикалық білімді өмірде қолдануға жан- жақты дайындықты жүзеге асыру.
Міндеттері
Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету.
Ақыл ойын, интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін дамыту.
Математиканың қоршаған болмысты таным білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктерді қалыптастыру.
Оқушының өмір тіршілігіне қажетті білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
-«Математика»пәнінің мазмұны аркылы танымдық және коммуникативтік іс-әрекетке,өздігінен білім алуға және еңбекке бейімдеу,сондай-ақ ата-дәстүр,әдет-ғұрып,салт-сана,халықтық ұлттык болмысты жалпы адамзаттың мәдени мұраларымен үндестіру аркылы баланы түлға ретінде қалыптастыру.
-Оқушының ақыл-ойының математикалық стилін,интеллектуалдық және ерік пен сезімге катысты сапаларын дамыту.
-Мектептің негізгі сатысында окуға,меңгерген математикалық білімін өмірде қолдануға жан- жақты дайындауды жүзеге асыру.
Математиканың өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктердің қалыптасуына ықпал ету.
Оқушының өмір сүруіне және мектептің келесі деңгейде оқуын жалғастыруы үшін қажетті білім,білік және дағдыларды қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Миллион көлеміндегі сандардың натурал қатарының ретін .Қосудың және көбейтудің қасиеттерін. Жакшалы және жақшасыз санды өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалуын ретін, тәртібін. Есептің құрамдас бөліктерін және оны шығару үдерісін кезеңдерін білуі тиіс. Сандарды жазбаша көбейту баған түрінде және бөлу тәсілдері.
Тақырыптық күнтізбелік жоспары
№ Тақырыптары Сағат саны Мерзі
мі Бағдарламалық талаптар Әдісі Көрнекілігі Қосымша материал
дар Үйге тапсырма
1 Көп таңбалы сандар, оларды оқу, жазу, салыстыру 1 6.09.17 Көп таңбалы сандар, оларды оқу, жазу, салыстыруды пысықтау Талдау-жинақтау Дидакти
калық материалдар Математика
дан өзіндік және бақылау жұмыстары Өзіндік
жұмыс
2 Cандарға және шамаларға қолданатын амалдар 1 13.09.17 Cандарға және шамаларға қолданатын амалдар бойынша есептеулер жүргізу Ойын арқылы оқыту Сөзжұм
бақ Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде Өзіндік
жұмыс
3 Cанның квадраты және кубы 1 20.09.17 Cанның квадраты және кубын табу жолдарын анықтау СТО Сызба 105 сабақ Өзіндік
жұмыс
4 Куб және оның көлемі 1 27.09.17 Куб және оның көлемін есептеуге үйрету Көрнекілік Кесте Қызықты математика
Өзіндік
жұмыс
5 Есепті әртүрлі тәсілмен шығару 1 4.10.17 Есепті әртүрлі тәсілмен шығаруға үйрету Түсіндіру, сұрақ-жауап Логика
лық тапсырмалар Логика
лық тапсырмалар жинағы Өзіндік
жұмыс
6 Жылдамдық.Уақыт.Қашықтық 1 11.10.17 Жылдамдық.Уақыт.Қашықтықтық бойынша есептер құрастыру АКТ Ребус Математика
дан өзіндік және бақылау жұмыстары Өзіндік
жұмыс
7 Қосындыны санға көбейту 1 18.10.17 Қосындыны санға көбейту тәсілдеріне жаттықтыру Сұрақ-жауап Математикалық жұмбақ
тар Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде Өзіндік
жұмыс
8 Қосындыны санға бөлу 1 25.10.17 Қосындыны санға бөлу тәсілдеріне жаттықтыру Талдау-жинақтау Ребус 105 сабақ Өзіндік
жұмыс
9 Есепті қолайлы тәсілмен шығару 1 8.11.17 Есепті қолайлы тәсілмен шығаруға үйрету Түсіндіру, сұрақ-жауап Логика
лық тапсырмалар Логика
лық тапсырмалар Өзіндік
жұмыс
10 Нөлмен аяқталатын санға көбейту және бөлу 1 15.11.17 Нөлмен аяқталатын санға көбейту және бөлу тәсілі бойынша есептеу Ойын арқылы оқыту Дидакти
калық материалдар 105 сабақ Өзіндік
жұмыс
11 Қалдықпен бөлу және тексеру 1 22.11.17 Қалдықпен бөлу және тексеруге жаттықтыру СТО Тест жинағы Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде Өзіндік
жұмыс
12 Екі таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу 1 29.11.17 Екі таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді үйрету Көрнекілік Математикалық жұмбақ
тар Математика
дан өзіндік және бақылау жұмыстары Өзіндік
жұмыс
13 Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу және көбейту 1 6.12.17 Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу және көбейту жолдарын пысықтау Талдау-жинақтау Кесте Математика
дан дидактикалық ойындар Өзіндік
жұмыс
14 106 · 4, 424 · 4 жағдайындағы көбейту мен бөлу 1 13.12.17 106 · 4, 424 · 4 жағдайындағы көбейту мен бөлу Ойын арқылы оқыту Тест жинағы Тест жинағы Өзіндік
жұмыс
15 205 · 7, 314 · 7 жағдайындағы көбейту мен бөлу 1 20.12.17 205 · 7, 314 · 7 жағдайындағы көбейту мен бөлу Сұрақ-жауап Ребус Қызықты математика
Өзіндік
жұмыс
16 879 4 709 2 жағдайындағы бөлу 1 27.12.17 879 4 709 2 жағдайындағы бөлу Көрнекілік Логика
лық тапсырмалар 105 сабақ Өзіндік
жұмыс
17 288 3 405 9 жағдайындағы бөлу 1 10.01.17 288 3 405 9 жағдайындағы бөлу СТО Дидактикалық материалдар Логикалық тапсырмалар Өзіндік
жұмыс
18 185·4, 740 4 жағдайындағы көбейту мен бөлу 1 17.01.17 185·4, 740 4 жағдайындағы көбейту мен бөлу Сұрақ-жауап Тест жинағы Тест жинағы Өзіндік
жұмыс
19 165·24, 740 4 жағдайындағы көбейту мен бөлу 1 24.01.18 165·24, 740 4 жағдайындағы көбейту мен бөлу СТО Кесте 105 сабақ Өзіндік
жұмыс
20 879 4 709 2 жағдайындағы бөлу 1 31.01.18 879 4 709 2 жағдайындағы бөлу Талдау-жинақтау Математикалық жұмбақтар Сиқырлы пішіндер Өзіндік
жұмыс
21 185·141, 740 4 жағдайындағы көбейту мен бөлу 1 7.02.18 185·14, 740 4 жағдайындағы көбейту мен бөлу Сұрақ-жауап Тест жинағы Тест жинағы 22 Екі таңбалы санға көбейту және бөлу 1 14.02.18 Екі таңбалы санға көбейту және бөлу Көрнекілік Дидакти
калық материалдар Математика
дан өзіндік және бақылау жұмыстары Өзіндік
жұмыс
23 Үш таңбалы санға көбейту және бөлу 1 21.02.18 Үш таңбалы санға көбейту және бөлу Ойын арқылы оқыту Логика
лық тапсырмалар 105 сабақ Өзіндік
жұмыс
24 Көп таңбалы сандар. Разрядтар және класстар. 1 28.02.18 Көп таңбалы сандар. Разрядтар және класстар. СТО Кесте Дидактикалық ойындар Өзіндік
жұмыс
25 Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу 1 7.03.18 Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуге жаттықтыру Түсіндіру, сұрақ-жауап Ребус Математика
дан өзіндік және бақылау жұмыстары Өзіндік
жұмыс
26 Амалдардың орындалу реті 1 14.03.18 Амалдардың орындалу ретін анықтай отырып, есептеу Талдау-жинақтау Кесте Қызықты математика
Өзіндік
жұмыс
27 Логикалық есептер 1 4.04.18 Логикалық есептер шығаруға үйрету Сұрақ-жауап Математикалық жұмбақ
тар Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде Өзіндік
жұмыс
28 Қозғалысқа арналған есептер 1 11.04.18 Қозғалысқа арналған есептер АКТ Тест жинағы Тест жинағы Өзіндік
жұмыс
29 Шамалармен орындалатын амалдар 1 18.04.18 Шамалармен орындалатын амалдар орындау Ойын арқылы оқыту Кесте 105 сабақ Өзіндік
жұмыс
30 Геометриялық шамалармен берілген есептерді шығару 1 25.04.18 Геометриялық шамалармен берілген есептерді шығаруға жаттықтыру СТО Логика
лық тапсырмалар Логика
лық тапсырмалар Өзіндік
жұмыс
31 Есептер шығару 1 2.05.18 Есептердің шартын құра отырып, шығару Көрнекі
лік Дидакти
калық материалдар Математика
дан өзіндік және бақылау жұмыстары Өзіндік
жұмыс
32 Өлшем бірліктері 1 16.05.18 Өлшем бірліктері бойынша есептер шығаруға үйрету Түсіндіру, сұрақ-жауап Ребус Логика
лық тапсырмалар Өзіндік
жұмыс
33 Есептерді теңдеу құру арқылы шығару. 1 18.05.18 Есептерді теңдеу құру арқылы шығаруға жаттықтыруОйын арқылы оқыту Математикалық жұмбақ
тар Математика
дан өзіндік және бақылау жұмыстары Өзіндік
жұмыс
34 Білім деңгейін анықтау.Тест 1 23.05.18 Білім деңгейін анықтау.Тест тапсырмаларын орындау Талдау-жинақтау Тест жинағы Тест жинағы Өзіндік
жұмыс
Оқушы білуі тиіс
- санның квадраты және кубы туралы
- есепті әртүрлі тәсілмен шығаруды үйренуді
-ондықтан аттай ауызша қосу және азайтуды
- қалдықпен бөлу және тексеруді үйренуді
- көп таңбалы сандар,разрядтар және класстар туралы
-амалдардың орындалу ретін
Оқушы игеруі тиіс
-санды көбейту мен бөлуді
-кестелік көбейтуді
-санды және шамаларды салыстыруды
- көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеуді меңгеруді
- есептерді теңдеу құру арқылы шығаруды
- есептер шығаруды.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Математика пәні бойынша бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау және есептеу дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы.
2.Тестер жинағы. Алматы.Өнер 2005 баспасы.
3.Сиқырлы пішіндер мен сандар әлемінде.
4.Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар
5.Қызықты математика
6.Математика пәні бойынша тест тапсырмалары жинағы 1-4 сынып
 
Верх