"Мәтінді шешудің негізгі әдіс-тәсілдері" ашық сабақ, 6 сынып

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
96
Сабақтың тақырыбы «Мәтінді шешудің негізгі әдіс-тәсілдері»

Сабақтың түрі
  Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі  
Интерактивті тақта, слайд, оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер.
Өткен тақырыптарды қайталау.
15 сұрақ беріледі.
1. Word қандай редактор ?Мәтіндік.
2.Windows сөзінің аудармасы?
Терезе
3.Терезе қанша топқа бөлінеді?
Төрт4.Шекара дегеніміз не?
Төрт жағынан қоршап тұрған жақтау5.Мәтіндік процессор дегеніміз не?
Қарапайым және кешенді мәтіндік құжаттарды енгізуге, түзетуге, пішімдеуге, сонымен бірге экранға және қағазға басып шығаруға мүмкіндік беретін программалар түрі.
6.Құжат дегеніміз не?
Мәтіндік процессорлар арқылы құрылған кез келген мәтін.
7.Мәтіндік процессорда жұмыс жасау қанша режимнен тұрады?
8.Тақырып жолы-..........Құжат пен программаның атын көрсетеді.
9.Ақпараттың түрлерін ата?
Мәтіндік, графикалық, символдық10.Мәтін дегеніміз не?
Жолдар тізбегі11.Мәтіндік процессорда жұмыс жасаудың неше қосымша режимдері бар және оларды ата?
- Мәтінді іздеу мен оны алмастыру
-орфографиялық басқару
-файлдармен жұмыс
-анықтама алу.
12.Қалып-күй жолы қандай қызмет атқарады?
Мәтіндік процессорда жазылып жатқан жазулар туралы ақпаратты бет нөмірі, мәтінді енгізу тілі, масштабты көрсетеді.
13.Мәтін тергенде сөздердің арасында қандай пернені басады?
Пробел.
14. Компьютерде үздіксіз жұмыс істеу неше сағаттан аспауы керек.
2 сағаттан.
15.Мәтін теру үшін не керек?
Пернетақта.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжып отырады.
пернесін тек абзац соңында немесе мәтінде бос жол жасау үшін басады. Бас әріпті теру үшін пернесін басып тұрып, қажетті әріпті тереміз.
Сонымен қатар айналдыру жолағын да қолдануға болады.
Мәтінді пішімдеу.
Мәтінмен жұмыс істегенде символдардың әлпетін, яғни жартылай қалың, курсив, асты сызылған түрін таңдауға болады. Мұндай мәтінді өзгерту процесі пішімдеу деп аталады.
Қаріп.
Қаріптің негізгі сипаттамасы-гарнитурасы, оның сыртқы безендірілуі. Қаріпті белгілеу үшін әдетте гарнитураның аты қолданылады, мысалы, Times New Roman гарнитурасы.
Абзац.
Мәтінді экранда, қағазда немесе электрондық пішімде де әдемі етіп көрсету үшін абзацты туралауды дұрыс орындау керек. Абзац-бұл Enter пернесін басқанда абзац белгісінің арасына қойылатын символдар жиынтығы.
Шегініс.
Көлденең сызғыш көмегімен абзацты және өріс шегінісін көрнекі тәсілмен орнатуға болады. Ағымдағы абзац пен қызыл жолдың шекарасын көлденең сызғышқа орналасқан шегініс маркері көрсетіп тұрады. Үнсіз келісім бойынша маркерлер беттің өріс шекарасындағы күңгірт түспен боялған бетте орналасқан.
Абзац терезесі.
ІҮ.Дәптермен жұмыс.
Ү. Компьютермен жұмыс.
1.Мәтінді тер
2.Мәтіннің тақырыбын өлшемі18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі 14-қаріппен теріңдер.
АвтобустаАрман мен Аян қаланың ортасындағы үлкен бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды және мектепке бірге барады. Бір күні олар әдеттегідей, автобуспен мектепке келе жатқанда, аялдамалардың бірінен сөмкелері бар әжей отырды.
Аян бірден орнынан тұрып, әжейге жақындады да, сыпайы ұсыныс жасады
-Мархабат, отырыңыз.
Арман терезеге қарап қалған түр танытты. Екі аялдамадан кейін әжей шығуға дайындалды және сөмкелерінің біріне қол жүгіртіп, одан хош иісті екі алма алып шықты.
Аянға ұсынып
-Ала ғой, алтыным!-деді.
-Оныңыз қалай, рахмет, керек емес, - деп қымсынды Аян.
ҮІ.«Анограмма» ойыны.
Сөздердің әріптерін орындарымен ауыстыру арқылы сөздерді анықтаңыз.
ТНӘМІ 
ЗЕТЕРЕ                            
ОТИМНРО 
ЕПНРЕТҚАТА                   
ШЫҚНАТ                           
ИКПОРМЦЕСРОСОР    
ЕШСЕТПО               
ДО
 
Верх