Назарыңды сал, жемқорлықтың тізбегін үз!

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
96
Назарыңды сал, жемқорлықтың тізбегін үз!
Жемқорлық жүрегіме шаншу боп қадалатын сөз. Жемқорлықты мен сатып алу, пайдалану, зорлық, қорлық көрсету дер едім. Ал, адамдар осы ұғымды өз мүмкіндіктерінің, жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасалған өзіне, отбасына, қоғамға төнген қауіпті қылмыстың іс әрекеті екенін дер кезінде ұқпай, артынан бармақ тістейді.
Қазір қарап отырсам қазағыма, еліме жүрегім қан жылайды, себебі жегеннен еш жалықпайтын жемқорлар саны күннен күнге ұлғайып барады. Бұл тамырын тереңге жайған індеп пе дерсің!? Ақшаның соңында кеткеніміз соншалық құлы болуға айналдық. Сол ақшаның кесірімен талай жақсы, жайсаңдар мен таланттардың жолы байланды. Атақ пен даңқ қуған билік басына келгендер тума-туыс, жақынын қызметтес етіп отырғанын күнде көріп жүрміз. Сол жемқорлықты қоғамнан мүлдем аластатса қазақ елі мұнша тоналмас еді. Пара алмай, ақша жемей күн көрген адам адал еңбегінің адал нанын жер еді. Мемлекеттің қазынасына қол сұққандар, жемқор, ұрылар елін сатқан емей немене! Өз еліне, туған жеріне опасыздық жасаған адамдымен сатқын дер едім. Мен жемқорларға халқыңа адал бол, ел-халқынды көкке көтер, жемқорлықтан қолын үзіп адалдыққа талпынсын дер едім. «Өмірдің басы сайран, түбі ойран» демекші арам тамақ тамақ болмас, бойыңа дарымас дер едім. Пара алғандардың маңдайының соры болатын темір тордан әрі аспайтыны, санасып мойындамайтыны белгілі. Олар өздерінің беделінің кететінін, қоғамнан қайыры қашатынын, мәнді өмірінің сәні болмай қалай жалғасарын білеме екен?! Әттең...
Менің ойым, әрбір ата-ана өз баласына жұлдызы жансын десе, тәрбиелі, саналы өнеге беруі керек. Өйткені тәрбие жоқ жерде білім болмайтыны анық. Баласын адалдыққа, даналыққа үйреткен ата-ана, арлы, саналы баласының жолдан таймасына сенімді болар еді.
Ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, адамдар арасында өзара сенімділік пен құрмет орнығуы керек. Әрқашан адамдар жақсы қасиеттерін сақтап, мақсатты нәтижелерге жетуге ұмтылса, бізден асқан бай ел мен бақытты ұрпақ болмас еді.
Қазақ елін байтақ болсын десеңіз, гүлденсін, халқы байысын, өссін десеңіз жемқорлықтың жолын кесіп, тізбегін үзіңіз. Біз егеменді елдің жасампаз ұрпағы арамдықтың ақ нанын жегенше, адалдықтық қара нана жеп бақытты болуға мүмкіндігіміз бар.
Тілеужан Әсемгүл Тілеужанқызы
Ақтөбе техника-технологиялық колледжі
 
Верх