"Табиғатты аялайық!" тәрбие сағаты

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
96
Тақырыбы Табиғатты аялайық!Мақсаты Оқушылардың қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру дүниетанымдарын кеңейту табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.Көрнекілігі сюжетті суреттер, слайдтар, оқушылардың салған суреттеріТүрі ауызша журнал
МазмұныКіріспе ----------------------------------------- 1 – бетТаза ауа – денсаулық кепілі ------------- 2 – бетСулы жер – нулы жер --------------------- 3 – бетҚұстар – біздің досымыз ------------------ 4 – бетҚорытынды ---------------------------------- 5 – бетКіріспеМұғалім Адамзат табиғатты қашан да туған анасына балап, оның көрікті де көркем көріністерін масаттана жырлаған. Табиғат – бізді қоршаған дүние аспан мен жер, тау мен су, жан –жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Адам қашан да Табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңданған, қуанып, оған қамқорлық жасаған.Құрметті, көрермендер, «Табиғатты аялайық!» ауызша журналының бүгінгі нөміріне қош келдіңіздер!Сұрақ –жауап - Табиғат аясындағы демалыс сендерге ұнай ма?- Адам тбиғатты түсіне ме?- Туған жердің қандай көріністерін ұнатасыңдар?Оқушы Табиғат –бір тілсіз тылсым күйде ме?Тудық тілді табиғаттан үйрене.Қурай екеш, қурайдағы ызыңдап,Айтқысы кеп тұр оның бірдеңе.Оқушы Табиғат әсемдіктің төркінісің,Ән саламын бір сенің көркің үшін.Жан- жануар табынып бір өзіңе,Сенен алып тұрғандай бар тынысын.Оқушы Мен таптым табиғаттан кемелдікті,Пәктікті, ұлылықты, шеберлікті.Әні тұр айналамда жоғалмастан,Жоғалып кетсе дағы нелер мықты.2 –бет «Таза ауа –денсаулық кепілі» (Сюжетті сурет ашылады)Оқушы ауаның қасиеті туралы тәжірибе жасап көрсетеді.Ауа туралы сөздер, тақпақтар айту1. Ауа өсімдікке де, жануарға да, бүкіл тіршілік иелерінің бәріне керек.Ауа –тіршілік көзі.2. Ауа қабаты жерді күн сәулесінен өте ысып кетуден және ғарыштық суықтан қорғайды.3. Ауаның әрбір қасиеті шаруашылыққа пайдаланылады. Су түбіне жұмыс істеуге адамдарды батискафпен түсіреді. Батискаф су кіргізбейді. Бұл су астында шамалы кеңістікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді.4. Ауаның салмақсыздығы да пайдаға асады. Түрлі резеңке заттарды ауамен толтырып, ұзақ уақыт су бетінде жүзуге болады.5. Міне, ауаның қажеттілігін білдік. Ал оның ластануы туралы не білеміз?Адамзат өзінің жақсы өмір сүруі үшін түрлі құрылыстар, зауыт, фабрикалар салады. Бірақ тазалық ережелерін сақтамағандықтан айналаны ластап, адам денсаулығына зиянын тигізеді.
6. Адамға тыныстау үшін таза ауа қажет. Орман ішінде, өзен, көл жағалауында ауа таза болады. Сондықтан айналаны көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын, зиянды заттарды, шаңды жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады.7. Ендеше, ағаштарды көп егемін, жасыл желектерді күтемін.8. Көк шыбықты сындырып,Көкті жұлып, бүлдіріп,Жүр еді бір балақай,Кезікті оған қалақай.Тұрасың деп жолыма,Жұлмақ болып оны да,Ұстай алды балақай,Шағып алды қалақай.
-Осы өлең жолдарынан нені ұғуға болады? Ойыңды дәлелде.Табиғатты қорғау үшін бәріміз,Күресейік! Бір- бір ағаш егейік.Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,Таза ауа үшін терімізді төгейік!3 –бет «Су –өмір нәрі» (Сюжетті сурет ашылады)«Су –өмір нәрі» деп халық бекер айтпаған болар. Сусыз тіршілік жоқ. Адам, өсімдік, жануардың барлығы сусыз тіршілік ете алмайды.2. Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді. Іркілдек теңіз жәндігі медузаның бүкіл салмағының 99 проценті судан тұрады.Егер 1 кг қарбызды кептірсе, одан 20 г ғана құрғақ зат қалады, яғни қарбыздың 98 проценті судан құралады.3. Адамның тамағына және ішуіне тәулігіне 2 -3 л су керек. Адам тек тамақтанудың өзіне жылына 60 тонна су тұтынады.4. 1 кг картоп өсіруге 300 л, 1 кг бидай өсіруге 1200 л су жұмсалады. Ал қант қызылшасына, мақтаға, күрішке, одан да көп су қажет.5. «Судың да сұрауы бар» дегендей, үйдегі су шүмегінің ашық қалмауын қадағала. Суды үнемдеп пайдаланған жөн.6. Табиғаттың көркін ажарландыратын, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі- су.Су жүргізер тіршіліктің тамырын,Су жоқ болса, тіршілік тамам ағайын.Судың біз біле тұра маңызын,Көп болған соң ұмытамыз қадірін.7. Сусыз тіршілік болмайды. Су бар жерде бау- бақша, орман, тоғай, бітік шыққан егін, мыңғырған мал бар. Сондықтан қазақ «Сулы жер- нулы жер», «Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді.Су деген тіршіліктің қаны емес пе?Су деген табиғаттың жаны емес пе?Су жоқ жерде өмір жоқ ол- ақиқат,Күміс су қара жердің сәні емес пе?Су туралы мақал –мәтелдерТау кезеңсіз болмас,Өлке өзенсіз болмас.Бұлақ көрсең көзін аш.Сулы жер құрақсыз болмас,Таулы жер бұлақсыз болмас.Су бергеннің сауабы бар,Су төккеннің жауабы бар.Су ішкен құдығыңа түкірме.4 –бет «Құс –табиғат көркі» (Сюжетті сурет ашылады)1. Құс табиғат көркі. Құс –барлық пен байлықтың, әсемдік пен сұлулықтың белгісі.2. Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе, әншісін- бұлбұлға, батырларын қыранға, сұлуларын- аққуға теңеді.3. Халық «Көкек келді- көктем келді» дейді. Көктемнің тамаша бір айын көкек деп атайды. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты неліктен жылдың ең тамаша айына теңеу болды екен?4. Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, көкек пайдалы құстардың бірі. Ол табиғатты түрлі зиянкестерден тазартады.5 . Бейбітшілік құсы менмін көгершін,Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.Аспан тұнық, шат көңілді болайық,Ақ ниетті адал жандар көбейсін.6. Мен бүркіт, көк күмбезде қалықтаған,Қияға қанат қағып шалықтаған.Құс ішінде қырағы болғандықтан,Атандым қыран –бүркіт жалықпаған.Оқушы Құстар табиғатқа көп пайда келтіреді. Сонымен бірге олар ауа райын болжай біледі екен.1) Қаз немесе әтеш бір аяғымен тұрса, аяз болады.2) Егер торғайлар дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады.3) Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады. Ал жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.4) Сауысқан шатыр астына тығылса, боран болады.5) Жыл құсы қаптап келсе, көктем тез шығады.5 –бет Қорытынды «Табиғатты аялайық!» (Сюжетті сурет ашылады)Табиғат дегеніміз –аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Бұлардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы. Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір адамның міндеті.2. Даламдай кең пейілім,Жүрегім толы мейірім.Мен үшін жоқ уағың,Бәріңе ортақ шуағым.Жер шарының ұл –қызынЖылытуға жетер қызуым.3. Табиғат әсемдіктің төркінісің,Ән саламын бір сенің көркің үшін.Жан- жануар табынып бір өзіңе,Сенен алып тұрғандай бар тынысын.
4.Жайын жүргім келеді, жайын жүргім,Ортасында еркелеп сансыз гүлдің.Тілсіз тылсым табиғат сырын ұғып,Қызығына батасың терең сырдың.5. Сүйейік табиғатты, аялайық!Бізде одан жақсылықты аямайық!Анадай табиғаттың аясында,Жадырап жас балаша демалайық!6. Жарайсыңдар, балалар!Ей, қазақтың ұланы!Болғайсың дала қыраны.Жер –суын қорғау бабаңның,Емес пе елдің ұраны!Мұғалім Бүгін біздің редакциямызға қонаққа кітапханашы Жанна апай арнайы келіп отыр. Табиғатқа арналған кітаптармен таныстырмақшы.(Көрмеге қойылған кітаптарын таныстырады).Мұғалім Балалар, мына слайдтарға назар аударайық. Сол бойынша ой –пікірлеріңді айтасыңдар (1 – 6 слайдтар табиғаттың ластануы туралы суреттер).Ән 1. Келді көктем далаға2. Көкек3. АлатауҚұрметті көрермендер, назарларыңызға рахмет. Сіздерді ауызша журналдың «Табиғатты аялайық!» тақырыбындағы материалдарымен таныстырған мен Садықова Гүлнұр және 1 сынып оқушылары.
Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың.
Тақырыбы Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың. Мақсаты Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау. І.Кіріспе ( М. Беспаев Туған жер) - Балалар, бір сәтке барлығың көздеріңді жұмып, мына күйді тыңдай отырып, өздеріңді болашақта мектепті бітіріп, жоғарғы орынға оқуға түсіп, шет елде оқуларың немесе жұмыс бабымен баруларыңды елестетіңдерші. Біраз уақыт өте, сендер туған жерлеріңді сағынасыңдар. Сонда көз алдарыңа не елестейді? - Туған жердің топырағы, суы, тауы, жусанның ісі келе бастайды. - Неге ең бірінші топырақ ойларыңа келді? - Жер деген сөзді топырақпен байланыстырдым. - Екі күн бұрын біздің Мұса Нариман еркін күрестен жарысқа қатысып, 10 күндей Атырау қаласына барып келді. Бұл сенің үйден алыс сапарға шыққаның бірінші рет шығар, сол туралы айтып берсең. Атырау жүргенде,одан қайтып келгенде қандай сезімде болың? - Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті. Адам бойындағы отаншыл қасиеттеріне байланысты біздің бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың» атты болмақ. Енді үй тапсырмасын тексерейік. Сендерге туған жер туралы суреттер салу және шағын шығарма жазу, өлең жолдарын жазу немесе кластер құру берілген. Біз оның нәтижесіннен көрме жасадық. Осының ішінен ең үздік шағын шығарманы оқып береміз (Қанатбек Нурила) Нурила. Табиғаттың тамаша жазы қандай, Айналама көк кілем жазылғандай. Сымбатыңнан айналдым, туған жерім, Сылдырлаған бұлағы,суы балдай,- деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі. Мысалы, бізде көл, өзен, биік таулар, орман-тоғай, аң-құс өте көп. Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп ойлаймын. Әсемкүл. Өлең жолдары Отан деген – атамекен Отан деген – туған ел Отан – ана Отан үлкен Қазақстан деген жер! Дулат. Кластер Отан деген – ол туған жер, ата-ана, туыс-бауырлар, мектеп, достар, ауыл, көшең. ҚР Ата Заңының 36-бабында Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті, – делінген. - Балалар, Отаның, туған жерің қайда дегенде, неден бастауларың керек? 1. Мемлекетіңді атайсың 2. Облысыңды атайсың (қаласын) Көп аузынан түспейтін Отан деген немене? Оның тұлға түс кейпін, Достым, білгің келе ме? Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың, Отан – өлкең, астанаң Отан – аудан ауылың. Отан – тарих, Отан – тіл, Жазған елің, ер халқың, Отан – өлең, Отан – жыр, Көтерген көкке ел даңқын. Мақал-мәтелдерді аяқта Ел мен жер егіз Жұрт дегенде жұмылып, Ел дегенде егіліп Туған жер - тұғырың, Туған ел – қыдырың. Ел қадірін көрген біледі, Жер қадірін жүрген біледі. Адам елінде көгерер, қоға көлінде көгерер. Бөтен жердің гүлінен, Туған жердің тікені артық. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Ел болам десең, бесігіңді түзе. Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Отанды сүю – от басынан басталады. Пәлен жерде алтын бар, Өз еліңдей қайда бар. Туған жердің жуасы да тәтті. Өз елінің иті де (қадірлі.) Отан үшін күрес, Ерге тиген үлес. -Рахмет, балалар! Әрқайсыңның талабыңа нұр жаусын! Сендерді әлі талай биіктерден көретін болайық. Клип. Қоңыр тобы. «Туған жер» - Балалар, айтыңдаршы, әннің мәтінінде қандай сөз қайталанып отырды? - « Жер» - Қандай жер екен? - Шөбі майсаң, жұрты жайсаң, туып, кіндік кескен жер Қорытынды - Балалар, осы сабақтан сендердің бойларыңда біраз патриоттық сезім қалыптасты деп ойлаймыз. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбын – «Туған жер - тұғырың,Туған ел - қыдырың.» – деп алып отырған себебіміз, дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған ата-анасы біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан адам ең алдымен өз елінің перзенті, жан жүрегімен берілген азаматы болуы керек – деп отырып сабағымызды «Туған жер» атты әнімен аяқтаймыз. Орындаушылар біздің сыныптың жігіттер мен қыздар тобы.
 
                                              Тәрбие сағаты.                                                                                                  Тәуелсіз елім Қазақстан! Тәрбие сағатының мақсаты
1.Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.2. Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.3. Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.Тәрбие сағатының көрнекілігі Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздеріТуы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә. Назарбаевтың суреті.нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.Тәрбие сағатының барысы Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.                Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық                    тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.Оқушы16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.ОқушыОсының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі            туралы заң қабылданды.  Оқушы   Атыңнан айналайын егемен ел,               «Туған ел» суреті                   Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.                   Мерейің құтты болсын Қазақстан!                   
 
Верх