Табиғатты аялайық

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
96
Тақырыбы Табиғатты аялайық.
Мақсаты Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға еңбекшіл болуға баулу.
Көрнекіліктер
Ұлы адамдардың айтқан сөздері, мақал-мәтелдер,слайд, пошта ойыны,АКТ видио Тәрбие сағатының құрылымы
ҰйымдастыруТәрбие сағатының тақырыбын айтып, мақсатын хабарлау
Шаттық шеңбері
.Топтастыру
1-Табиғат дегеніміз не?(оқушылардың пікірі)
2- «Сен жалғастыр» ойыны . Мақал- мәтелдер.
3-Қарлығаштардың сұрақтары.
4-«Пошта» ойыны
5-Көрініс( суретке қарап)Ұйымдастыру
Мұғалім — Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар! «Табиғатты аялайық» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.Табиғат, Жер – Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын қасиетті қадірлі сөздер.Адамның өзі Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Жер – Ананы сүйе білу оны аялау – адамның азаматтық борышы.Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады? Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет!Мақсатымыз Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғатАнаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқанортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгісабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктерҚайырлы күн, бар тіршілік иесі!Кіріспе Адам табиғат перзенті. Оның тіршілігі табиғат аясында өтеді.« Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ » деген сөздері көп жағдайды аңғартатыныанық.Табиғат –бізді қоршаған орта.Адамдар тіршілік етіп отырған ортақ үйі.Адам табиғатпен тығыз өмір сүреді.Ал,табиғатты қорғау дегеніміз-ауаны ластамау,құстарды аялау,өзен-көлдің суынбүлдірмеу,жан-жануарларға қамқорлық жасау. Оқушылар суреттер алып екі топқа бөлінеді.Өлі табиғат және тірі табиғат болып екке бөлінеді.
Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ? Оларға нелер жатады?
Сол алған суреттерін тақтаға іледі.Атауларын айтады.
1-Табиғат дегеніміз не?(оқушылардың пікірі)
 
Верх