"Тәлімгерлер" күні

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
96
«Тәлімгерлер күнінің» аталып өтілуі
Тәлімгерлік - ұзақ  уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлім алушының  арасында,  сенімді,  жеке тұлғаға бағытталған  қарым – қатынаc  құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретінде қалыптасуы мақсатында өзінің білімін,  ойлауын тәжірибелік іс амалдардың тиімділігін жеткізуде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Тәлімгерлік ету барысында  тәлімгер өзінің білімімен, тәжірибесімен бөліседі, ал тәлім алушы еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздейді. Тәлімгер -өте сенімді, тәжірибелі адам. Тәлімгерлік  тәлім алушыға білімін, тәжірибесін беріп, жоғары мүмкіндіктерінің ашылуына  көмектеседі.Тәлімгерліктегі басты ұстаным қызмет емес, қарым-қатынас болып табылады, тәлімгер обьективті тыңдаушы және бағыттаушы болады. Тәлімгер өзінің тәжірибесін қоса отырып, бірқатар міндеттерді орындайды
Тәлім алушыға мүмкіндіктер мен проблемаларды  қарауға мүмкіндік береді.
Оған шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі.
Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі сипаттамасы қарым-қатынас құруға және түйінді дағдыларды белсенді тыңдай білу, тәжірибені дамыту үшін күрделі сұрақтар  қою дағдыларын дамытуға бағытталған. Тәлімгер тәлім алушыға күрделі тапсырмалар беріп, қолдау көрсетуге, сенімділік, жанашырлық, шынайылық, адалдық қасиеттерін танытуға дайын болады.(МАН,38-бет)Тәлімгер мен тәлім алушының арасында қарым қатынас мұғалімнің өзіне-өзі көмектесуіне мүмкіндік  алып, проблемалардың шешуін өзінше табуға көмектеседі. Сонда құзырлы тәлімгер тәлім алушыға ол үшін  нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның жеке тәсіліне, нақты мән мәтінге, жұмыс тәсілінің ыңғайына, іс-әркеттің  дұрыс  бағытын таңдауға септігін тигізеді.(Oxley 2003). Әрбір  сабақта   топтық  жұмыс  арқылы  бірлесіп  әрекеттенген  тиімді  болғандықтан   ,  яғни  шағын  топта   оқушылардың  бір  -біріне    деген   сезімдері, тыңдай  білуі ,  өз  пікірін   ұтымды  және  дәлелді    түрде   жеткізе  білуі,  бірлесіп  шешім  қабылдауы    қалыптасады. Жас маманды еңбек жолына сіңіп кетуіне, тағайындалған тәлімгердің маңызы зор. Біздің мектебімізде де көп жылдан бері еңбек етіп келе жатырған ұстаздарымыз жас мамандарға тәлімгер бола отырып, жол көрсетеді.  Ұстаздарымыздан үйренері көп жас мамандар да, өздерінің білмегендерін сұраудан жалыққан емес.
Тәлімгер болу жауапты іс деп білген ұстаздарымыз тәжірибелерімен де алмасып отырады. Жас мамандарды сабақтарына қатыстырып, сабақ талдатып үйретеді. Өздері де жас мамандардың сабағына қатысып, сабақ талдап өз ойлары мен бөлісіп, ұсыныс тастап отырады. Осы кезде орайын тауып, жас мамандарымыздың жақсы жұмыс атқаруына және атқарған жұмыстарына баға беріп, ынталандырып жүрген мектебіміздің методисті Шаханова Райхан апайдың да еңбегі зор.Осындай ұстаздардан білім алған оқушыларымыздың жетер жетістіктері мен алар асулары көп болмақ. «Ұстаздық еткен жалықпас , үйретуден балаға»- деп Абай атамыз айтпақшы ерінбей еңбек ете жүріп, сонымен бірге жас мамандарға жол көрсетіп жүрген ұстаздарымызға айтар алғысым шексіз. Біздің мектебімізде оқу жылының басында «Тәлімгерлер тағайындау күні» және «Ашық есік күні» ұйымдастырылып отырады. Осыған орай жас мамандарымыз өздеріне қажетті мәліметтерін сұрап, әдіс-тәсілдер жөнініде мәғұлмат ала алады. Саналы да сапалы ұрпақ тәрбиелеуде осындай ұстаздарымыздың еңбектері зор.
 
Верх