толықтауыш 8 сынып

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
96
Пәні Қазақ тілі
Сыныбы 8-сынып
Уақыты Тақырыбы Толықтауыш
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат -міндеттері а) Ақпараттылық Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі толықтауыш және оның түрлері туралы оқушыларға мәлімет беріп ерекшелігін меңгерту
ә) Коммуникативтік Оқушылар алған білімдерін ауызша және жазбаша тілде қалыптастыру.
б) Проблемалық Жаңа материал бойынша берілген сұрақ тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі Жаңа материалды меңгерту
Педагогикалық технологиялар Білім беруді ізгілендіру
Сабақтың әдісі Эвристикалық, практикалық, сөздік әдіс
Көрнекілігі Плакат, сызба, кесте, кітаппен жұмыс
Пәнаралық байланыс Әдебиет, тарих
Сабақтың барысы Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі Күтілетін нәтиже
Ұйымдастыру бөлімі Оқушымен амандасады.
Жоқ оқушыларды анықтау.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Мұғаліммен амандасады.
Сабаққа құрал жабдықтарын дайындайды.
Сабаққа назар аударады.
Коммуникативтік құзыреттілік
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру Проблеманы шешу құзыреттілігі
үй тапсырмасын тексеру арқылы оқушылардың жұмысын есепке алу.
Өткен материалды қайталау арқылы жаңа материалға кіріспе «Бой сергіту»
1)Тұрлаулы мүше қандай мүшеден тұрады?
2)Тұрлаусыз мүше қандай мүшеден тұрады? 1)Бастауыш, баяндауыш.
2)Толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
Коммуниккативтік құзыреттілік.
Өткен материалды еске түсіре отырып, жаңа материалмен байланыс жасайды.
Жаңа материалды меңгертуді ұйымдастыру
Жаңа материалды бекіту
Қорытынды сұрақ
Үйге тапсырма
Бағалау
Толықтауыш Сөйлемде атау мен
іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейді. сұрақтары кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? Толықтауыш құрамына қарай бір сөзден ғана болып дара толықтауыш және бірнеше сөзден, сөз тіркесінен, күрделі сөзден құралып күрделі толықтауыш болып бөлінеді. Мағынасы мен тұлғасына қарай тура толықтауыш және жанама толықтауыш болып екіге бөлінеді. Табыс септік тұлғасындағы толықтауышты тура толықтауыш, ал атау, ілік, табыстан басқа септіктердің бірінде немесе туралы, тақырыпты, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың тіркесінен болған толықтауышты жанама толықтауыш дейміз.
 
Верх