Топырақ жағдайының мониторингі және литомониторинг

TUTENT.RU

Moderator
Команда форума
Модератор
Сообщения
4
Оценка реакций
96
Су нысандарының мониторингі

1. Су нысандарының мониторингі.
Су нысандарының мониторингі - жеке автономды жүйе. Су нысандары жүйесін құрудың мақсаты – қоршаған ортаның сапасын басқаруды ақпаратпен қамтамасыз ету. Су нысандарының мониторингін жобалау табиғи сулардың бірлігі принципіне негізделген. Су нысандарының мониторингі олардың сипаттамалары, қызметі, қажеттілік деңгейі мен орналасуына қарай жүргізіледі. Әрбір су нысаны өзінше жеке жүйе түрінде қарастырылады. Су нысандарына
• сумен қамтамасыз ететін көздер
• су дайындайтын стансалар
• суды тарататын жүйелер
• су шығаратын жүйелер, сорғышты канализациялық стансалар
• ағынды суды тазартатын стансалар
• ақаба суларды жинау және жөнелту жүйелері жатады.
Осы нысандардың барлығы күрделі табиғи-техникалық жүйе болып табылады.
2. Су нысандары мониторингінің категориялары және ұйымдастырылуы.
Су нысандарына байланысты қызметтерді негізінен сумен қамтамасыз ететін Басқарма және канализацияны басқару, Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, гидрометеорология және табиғи ортаны бақылау орталығы, облыстық табиғатты қорғау департаменті атқарады.
Су нысандарын бақылайтын арнайы пункттер құрылған. Бақылау пункттері жүйелі түрде немесе арнайы бағдарлама бойынша су сынамаларын алып, олардың сапалық көрсеткіштерін бағалаумен айналысады. Судың ішуге жарамдылық сапасын немесе ағын сулардың әр түрлі техникалық жүйелерде қолданылуын тексеруден өткізеді.
Бақылау пункттері сияқты әр түрлі гидрометеорологиялық посттар мен стансалар да бар. Олар
Бақылаудың жылжымалы құрал-жабдықтары. Оларға негізінен жылжымалы зертханалар жатады. Жылжымалы зертханалар табиғи және техникалық жүйелермен шектелген су нысандарын сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша бағалау жұмыстарын орындайды. Бағалау жұмыстарын аралық, автоматтандырылған немесе автоматты әдістермен жүргізіледі. Өзендер мен көлдер және су қоймаларының кеме жүзетін учаскелерінде жүзуге арналған заттар пайдаланылады.
Бақылаудың автономды пункттері. Автономды пункттер табиғи және техникалық су нысандарының сапаларын автономды тәртіппен бақылауға арналған. Су мониторингі құрамындағы бақылаудың автономды пункттері арнайы зерттеулер орындағанда тиімділік көрсетеді. Жергілікті су нысандары күйінің қалыптасу ерекшеліктерін анағұрлым дәл анықтауға мүмкіндік береді.
Стансалар. Стансалар су мониторингінің бағдарламалары бойынша зерттеу жұмыстарын орындайтын ұйымдар. Оларда су нысандарының күйіне белгілі бір көрсеткіштер бойынша талдау жүргізетін зертханалар (гидрохимиялық және гидробиологиялық зертханалар) болады. Судың құрамын талдау қолмен немесе автоматты түрде жасалынады. Бақылау стансаларының жұмыстары қозғалмалы немесе автономды жабдықтар көмегімен орындалады. Олардың міндеттері сынаманы алу, жинау, талдау, өңдеу және қорытынды жасау. Стансаларды аймақтық желілер немесе обсерватория деп атайды. Стансалар экологиялық мониторинг орталықтарына ақпараттарды жеткізіп отыруы тиіс.
Бақылау желісінің негізгі элементі – бақылау пункттері немесе табиғаты әр түрлі су нысандарының экологиялық күйінің сапалық және сандық көрсеткіштерін тұрақты өлшеулер жүргізетін сынамаларды жинақтау нүктесі.
Қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесі (ҚОМ
 
Верх